Воскресенье, 14 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында заңсыз пиротехникалық бұйымдарды сатумен айналысқандарды анықтау үшін рейдтік шара өтеді

Алматы облысында заңсыз пиротехникалық бұйымдарды сатумен айналысқандарды анықтау үшін рейдтік шара өтеді

Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Күнтізбенің жаңа парағын ашу сәтінде тұрғындардың жаңа жылдық отшашуларды пайдаланатыны анық. Осы тұрғыда, өңір тұрғындарына пиротехниканы қолданған кезде немесе мерекені атап өту барысында өрт қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Александр Пархоменко мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, алда пиротехникалық бұйымдар сатумен айналысатын ірі сауда орталықтарының кәсіпкерлерімен кездесу өткізеді.Саудагерлер арасында пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз сақтау және өткізу жөнінде жадынамалар таратылатын болады.
«Жаңа жылдық мерекелерде өрт 31 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейінгі кезеңде болады. Сондықтан полицейлермен бірлесе пиротехникалық бұйымдардың сапасын тексеру үшін рейдтік іс-шара 26-29 желтоқсанға жоспарланған », — дейді Александр Пархоменко.
Департамент қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарына пиротехниканы іске қосу кезіндегі сақтық шараларын сақтауға кеңес береді:
— өнімді іске қосқан кезде оны еңкейтпеңіз;
— қауіпті аймақ радиусында (50 м) пиротехниканы (ағаш тәждері, электр желілері) іске қосу үшін кедергілердің жоқтығына көз жеткізіңіз;
— егер ол жұмыс істемесе, пиротехникалық өнімді қайта іске қоспаңыз;
— зымырандар мен отшашуларды адамдарға бағыттамаңыз, оларды аяғыңыздың астына лақтырмаңыз;
— тұрғын үйлердің балкондарынан отшашуды қолданбаңыз.
Еске сала кетейік, өнімдерді тек мамандандырылған дүкендерден сатып алу керек. Мұнымен қоса, сәйкестік сертификатының бар-жоғын тексеріп, сақтау мерзіміне назар аударыңыз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments