Пятница, 8 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында «Таза бейсенбі» акциясы бастау алды

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясы бастау алды

Акцияның алғашқы күнінде өңірдегі 3 мыңнан астам аманаттық қатысты

«AMANAT» партия тазалық мәдениетін қалыптастыратын «Таза бейсенбі» жобасын қолға алды.Бұл акция елдімекендер аумағын қоқыстан тазартуға, абаттандыру мен инфрақұрылымды дамытуғабағытталған.

Мәселен, бүгін акция аясында Іле ауданына қарасты Байсерке ауылының 200-ге жуық азаматы таңертеңнен түске дейін көше бойын тазартып, 40 тоннадан астам қоқыс шығарды.

«Бүгін ауқымды шара өтіп жатыр. Аманаттықтардың ұйытқы болуымен басталған бұл акцияны «Таза Қазақстан» жобасының жалғасы деп білемін. Алдағы уақытта да тәртіп пен тазалықты сақтауға бағытталған бұл істі жалғастыруымыз қажет», – дейді Байсерке ауылдық округінің ақсақалдар алқасысының мүшесі Хамит Абдин

Ал облыстық партия филиалының төрағасы Қуат Байғожаевтың айтуынша, еліміздің тазалығы мен әсемтабиғатына қамқорлық жасайтын экологиялық қоғам құруымыз қажет.

«AMANAT» жетекші партия ретінде тазалық мәдениетін қалыптастыратын «Таза бейсенбі» жобасын қолға алып отыр. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізілмек. Мәселен, бүгінгі шараға облыс бойынша 3 мыңнан аса тұрғын акцияға қатысуда. Біз қоғамдағы вандализмнің көріністеріне төзбейтін заң мен тәртіптің үстемдігі қағидатына сәйкес келетін саналы қоғам құруымыз керек», – дейді Қуат Байғоджаев.

Айта кету керек, партияның өңірлік сайлауалдыбағдарламасы аясында 2027 жылға дейін барлық ауданорталықтарындағы және Қонаев қаласында рұқсатетілмеген қоқыс үйінділерін жою міндеті тұр. Оныменқоса, өңірде полигон және кешенді қоқыс тиеу мен сұрыптау төрт алаңы салынбақ. Сондай-ақ барлықауылдарда қоқысты бөлек сұрыптауға және құрамындасынап бар қалдықтарды жинауға арналған кемінде 1 мың контейнер орнатылады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments