Пятница, 14 июня, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында қызылшаға қарсы екпе жүріп жатыр

Алматы облысында қызылшаға қарсы екпе жүріп жатыр

Қазіргі таңда қызылша сырқаттанушылығы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бұл туралы Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов пен Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Айтуларынша, өңірде 14 наурызбен 31 қазан аралығында қызылшамен 2651 адам ауырған. Қазірде аптасына 100 жағдай тіркеліп жатыр. Науқастардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Алматы облысы аумағындағы 71 мектептің оқушылары ауырған. Олардың саны 137. Ал 103 мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдарында 220 жеткіншек сырқаттанған.
Марат Исмаилов Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар және Іле ауданында сырқаттанушылық деңгейі жоғары екенін айтты.
«Қызылша – жедел ағымды жүретін, ауа – тамшылы жолмен жұғатын вирусты жұқпалы ауру. Сырқат дене қызуының көтерілуімен, 2-4-ші күндері теріге ақшыл қызыл түсті бөртпелердің шығуымен, жоғарғы тыныс жолдарының, ауыз-жұтқыншақ қуысының және көздің шырышты қабықшаларының қабынуымен басталады»,- облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаевна.
Күрделі жағдайға байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысына сәйкес, елімізде қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізіледі.
Қазіргі кезде қызылша сырқаттанушылығын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Атап айтсақ, биыл 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар арасында қызылшаға қарсы 1 вакцинасымен 25 584 бала егіліп, 2 вакцинасымен 26 972 жеткіншек қамтылды. 18 жасқа дейінгі қызылшаға қарсы егілмегендердің иммундық жағдайын тексеріп, екпе жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін қызылшаға қарсы егілмеген 18 жасқа дейінгі 7732 адам вакцина қабылдады.
«Аймақ тұрғындарына, балаларыңыз бен жақын адамдарыңыздың денсаулығына немқұрайлы қарамауларыңызды сұраймын. Сондықтан да қызылшаға қарсы екпеден бас тартпаңыз. Тек уақытылы жасалған вакцинация инфекциядан қорғайды»,-дейді Марат Исмаилов өз сөзінде.
Айта кетейік, вакцинациялаудан кейін адамда ауруға қарсы иммунитет қалыптасады

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments