Понедельник, 30 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында ұстаздарға қолдау жоғары

Алматы облысында ұстаздарға қолдау жоғары

Алматы облысында білім беру жүйесі соңғы жылдары айтарлықтай жаңғырып, ұстаздарға жасалған қолдау шаралары білім сапасының артуына ықпал етіп келеді.

Мұғалімдер күніне орай өткен баспасөз конференциясында Алматы облыстық әдістемелік орталығының директоры Гүлжихан Иманхатова ұстаздардың қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып, олардың еңбегін атап өтті:

«Мұғалімдер күні – бұл ұстаздардың қоғамдағы еңбегін бағалайтын ерекше күн. Алматы облысында білім беру саласына салынған инвестициялар болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына зор мүмкіндік туғызып отыр. Соның арқасында үш ауысымды мектептердің саны 52%-дан 39%-ға дейін қысқарды. Сонымен қатар, Болат Өтемұратов қорының қолдауымен Еңбекшіқазақ ауданында екі жаңа мектеп ашылды,» – деді Гүлжихан Иманхатова.

Бүгінгі күні аймақта 31 680 мұғалім аттестациядан өтіп, олардың 95%-ы «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттарына ие болды. Сонымен қатар, «Жылдың үздік мұғалімі» байқауы мен «Үздік педагог» конкурсы жыл сайын ұйымдастырылып, облыс ұстаздары жоғары марапаттарға ие болып келеді.

«Мұғалімдерге жасалған қолдаудың арқасында олардың кәсіби деңгейі артып, бұл оқушылардың білім сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді. Әсіресе, жаңа әдістемелерді меңгеру және қолдану арқылы мұғалімдер заманауи талаптарға сай білім беріп, қоғамның дамуына үлес қосуда»,– деді Шоқан Уәлиханов атындағы №2 гимназияның ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Салтанат Сүйіндік.

Сонымен қатар, «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы аясында «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасына қатысуда. Бұл жоба шеңберінде облыстағы 112 мектепте 6 019 педагогтың біліктілігін арттыру курстары өткізіледі.

Ұстаздардың кәсіби біліктілігінің арқасында, Алматы облысының оқушылары да жоғары жетістіктерге жетіп келеді. Биылғы жылы 12 оқушы Қытай университеттерінде грант жеңіп алып, білім алуға мүмкіндік алды. Олардың жоғары деңгейдегі білімге қол жеткізуі – ұстаздардың үздіксіз еңбегінің нәтижесі.

Бұдан бөлек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қарасай ауданында 3600 орындық үш мектеп ашылып, облыс көлемінде 19 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл бастамалар оқушыларға сапалы білім алу үшін қолайлы жағдай жасап, облыстағы білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments