Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетUncategorizedАлматы облысында өрт қауіпті кезеңдегі орман және дала өрттерді алдын алу және...

Алматы облысында өрт қауіпті кезеңдегі орман және дала өрттерді алдын алу және жою бойынша шаралар және шомылу кезіндегі прафилактикалық жұмыстар туралы брифинг өткізілді

Облыс өртсөндіргіш техникаларымен толықтай жабдықталған және биыл шомылу маусымда 57 адам құтқарылған.
Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Азаматтық қорғау подполковнигі Самат Кенжехан мен ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері аға лейтенант Артем Тютерев баяндады.
Жаз маусымы басталысымен өрт қаупі күшейеді .Қазіргі таңда облыс аумағында 3 млн 226 мың гектар жерді мемлекеттік орман қоры алып жатыр
Спикердің айтуы бойынша өңірде құрғақ шөп пен өсімдік салдарынан 21 жану тіркелген, ал алыс елді мекендерде құрғақ шөп жанудан 100 оқиға орын алыпты. Сол себепті облыс аумағында орман-дала өрттерін алдын алу мақсатында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының бойында, сондай-ақ орман алқаптары мен егіс алқаптарының айналасында минералдық жолақтарды жүргізу жұмыстары жүргізілді. Орман шаруашылық қожалықтары және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өрт- тактикалық оқу жатығу өткізілді.
Ауыл шаруашылық және шаруа қожалықтарымен, тұрғындармен қала аумағында орман — дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша белсенді үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 500-ге жуық жиын өткізіліп, 99 дөңгелек үстел құрылып, орман шаруашылық мекемелері 56 аншлаг пен билборд ілінгенін брифинг барысында департамент басшысы атап өтті.
“Қазіргі таңда іргелес аумақтарды құрғақ өсімдіктер мен жаңғыш қоқыстардан 124 елді мекенге тазарту жүргізілді.Өрт сөндіргіш 109 бірлік техникаларымыз бар,оның ішінде негізгі-55, арнайы-11, қосалқы-42 жабдықтармен жабдықталған,сондай-ақ 35 өрт сөндіру мотопомпасы, 200 бүріккіш және 400 хлопушка бар. Орман шаруашылығы мекемелері мен ерекше қорғалатын аумақтардың қарауында 16 орман өрт сөндіру станциясы, құрамында 183 өрт сөндіргіш тіркелген. Табиғи өрттерге ден қою үшін тиісті өрт сөндіру техникасы жауынгерлік дайындықта тұр”,-дейді Самат Кенжехан.
Брифинг барысында өңірде профилактикалық жұмыстар қызу жүріп жатқаны туралы және де 2023 жылдың жазғы кезеңінде рұқсат етілмеген шомылу орындарында суға батып кеткендердің статистикасы және олардың өлімінің негізгі себептері туралы айтып берді.
Алматы облысына демалыс күндері 50 мың демалушы келеді.
2023 жылдың 1 маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін су айдындарында 10 адам суға батып кетті, оның ішінде 1-уі бала, ал 57 адам құтқарылған. Статистика көрсеткендей, судағы оқиғалар көп жағдайда адамның кінәсінен, өзіне деген сенімділіктің, өз күштері мен мүмкіндіктерін қате бағалаудың, судағы мінез-құлық ережелерін елемеудің, атап айтқанда тыйым салынған және бейтаныс жерлерде шомылудың, мас күйінде болудың салдарынан болады.
Қазіргі таңда қаулымен бекітілген 7 коммуналдық жағажайда шомылу рұқсат етілген.Қауіпсіздік шаралары ретінде күн сайын Қапшағай су қоймасының аумағына 10 құтқарушы және 5 жүзу құралы патрульдеу жүргізеді. Жағалау бойындағы басқа жерлерде жүзуге тыйым салынады.
Департамент басшысының айтуы бойынша шомылуға арналған ресми орындарды ұлғайту мақсатында қазіргі уақытта Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысының су объектілерінде жаппай демалыс және туризм орындарын белгілеу туралы» қаулысын қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде.Қаулы аясында шомылуға рұқсат етілген орындар санын 7-ден 44-ке дейін ұлғайту жоспарлануда.
“ Биыл шомылу маусымы кезеңінде профилактикалық іс-шараларды күшейту үшін жергілікті бюджеттен 36 млн.454 мың теңге бөлінді. Облыс су айдындарындағы оқиғаларға жедел ден қою үшін 30 жүзу құралы, 45 бірлік сүңгуір жабдықтары дайындыққа келтірілді. Халыққа тұсіндірме жұмыстары аясында 123 жиын және 86 интерактивті сабақ ұйымдастырылды, сондай – ақ республикалық және облыстық телеарналарда 14 сөз сөйлеу, 264 радиохабар таратылды”,-дейді Артем Тютерев
ТЖД басшыларының айтуы бойынша негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін айтып қортындылады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments