Четверг, 20 июня, 2024
Басты бетUncategorizedАлматы облысында 10 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Алматы облысында 10 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

22 тамыз күні Алматы облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті және білім басқармасы өңірлік коммуникация қызметімен бірлесе пресс-тур өткізді.

Іс-шараның мақсаты-білім беру мекемелеріндегі күрделі жөндеу нәтижелерімен, сондай-ақ жаңа оқу жылында оқушыларды оқытуды ұйымдастыру үдерісімен танысу.
Журналистер өңірдің екі білім ошағында болды.
Атап айтсақ, Талғар ауданы Белбұлақ аулындағы № 10 ОМ және Іле ауданы Екпінді ауылындағы № 2 ОМ.
Департамент басшысының айтуынша бұл мектептер сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандықтан күрделі жөндеу кезінде бұл мәселе басты назарда, сондықтан 12 баллға шыдайтын сейсмикалық нығайтулар орналастырылып жатыр. Мердігерлердің сөзінше жөндеу жұмыстары уақытымен атқарылады.
Алғашқы нысан Талғар ауданындағы мектептің жөндеу жұмыстары келер жылдың наурыз айында аяқталуы қажет.Білім мекемесіне күрделі жөндеу жасайтын мердігер ЖШС “SHEBERBUILD”
Екінші жөндеу жұмысы Екпінді ауылындағы 2 ОМ. Құрылыс жұмыстар 25 маусым басталған, жөндеу жұмыстары аяқталуы 2024 жылдың наурыз айына жоспарлануда.Мердігер ТОО “АзаматҚұрлыс”
“ Қазіргі таңда облыс бойынша 10 мектепте құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Талғар ауданындағы №10 ОМ барлығы 585 оқушысы №32 мектепке уақытша көшіріледі, ал №2 ОМ 575 оқушысы №48 ОМ көшіріледі. Сондай-ақ, №2 мектептің оқушыларына арнайы 1 мектепішілік және 3 автобус қарастырылған.Мектептердің құрылыс жұмыстары барлығы уақытымен жүргізіліп, аяқталады,-дейді Ержан Жиренбай.
Пресс-тур сонында БАҚ өкілдері мектептер жайлы барлық сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments