Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында 15 жастағы оқушы ерекше көзілдірік ойлап тапты

Алматы облысында 15 жастағы оқушы ерекше көзілдірік ойлап тапты

15 жастағы оқушы жүргізушілерге көлік жүргізіп келе жатып ұйықтап қалмауға арналған көзілдірік ойлап тапты. Идея авторы Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылының 10-сынып оқушысы Ернұр Тұрғанбай. Физика пәнінің мұғалімі Дәулешияр Бақытәлі робототехника курсында оқушыға идеяны жүзеге асыруға және эксперименттік модель жасауға көмектесті. Автор көзілдірік инфрақызыл сенсормен жабдықталғанын, ал жобаның өзі жол қауіпсіздігін жақсартуға бағытталғанын айтады.

«Көзілдіріктің жақтауына инфрақызыл сенсор орнатылған, ол жүргізушінің жағдайын үнемі бақылап отырады. Көзілдірік шаршау мен ұйқы келу белгілерін анықтай алады. Егер рөлде отырған адам шаршап немесе ұйқысы келсе, көзілдірік көлік жүргізушісіне ескертеді», – деп мәлімдеді Алматы облысының білім басқармасынан.

Оқушы көзілдірікті басқа да түрлі функцияларды орындауға бейімдеуге болатынын айтты.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments