Понедельник, 27 мая, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысының аймағында 12 қар басуға ықтимал учаске бар

Алматы облысының аймағында 12 қар басуға ықтимал учаске бар

2023 жылдың 1 қарашасынан 2024 жылдың қаңтар айының 4 аралығында өңірде Республикалық маңызы бар тас жолдар күннің кұрт суытуына байланысты 36 рет жабылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінің ақпарттық алаңында Алматы облысы ТЖД ТЖЖБ бастығы азаматтық қорғау майоры Ерсін Жағыпаров айтып берді

Спикердің айтуынша, облыс бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 1893 км құрайды. Оның ішінде, жалпы ұзындығы 170 км болатын 12 қар басуға ықтимал учаске бар. Оның ішінде, Республикалық маңызы бар-7, және облыстық -5 участкі.

Өңірде азаматтық қорғаныстың қар құрсауында қалғандарды құтқаруға 449 бірлік техника мен 2051 адам дайындыққа жұмылдырылды. Мұнымен қоса, Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен қар басатын учаскелерде 68 бірлік қар тазалау және инженерлік техника бекітілген.

Облыстық төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Ерсін Еділханұлы қар құрсауында қалған азаматтарға уақтылы көмек көрсету мақсатында 7 жылыту пунктінің жасақталғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Республикалық маңызы бар жолдарда апаттарға арналған 4 трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді. Атап айтсақ, «Жаңа-Арна» Алматы-Өскемен трассасы, «Күрті» Алматы-Екатеринбург трассасы, «Тарғап» Алматы-Ташкент трассасы, «Шелек» Алматы-Қорғас трассасында медициналық көмек көрсету орталықтары орналасқан.

«Ұзақ жол сапарға шықпас бұрын облыстық және республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйін білу үшін «112» немесе «Дармен» тегін қосымшасын пайдалану ұсынылады»,-дейді спикер

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments