Четверг, 26 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысының Жамбыл ауданында Үлкен ауылдық округі әкімдігіне кандидаттар ұсыну басталды

Алматы облысының Жамбыл ауданында Үлкен ауылдық округі әкімдігіне кандидаттар ұсыну басталды

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2021 жылғы 8 тамызда Үлкен ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.
2021 жылғы 9 шілдеде аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 8 тамызға Үлкен ауылдық округінде сайлау тағайындау туралы қаулы қабылдады. Сайлау тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және аудандық «Атамекен» газетінде 2021 жылғы 10 шілдеде және 17 шілдеде жарияланды.
Сайлауда 1 аумақтық және 1 учаскелік сайлау комиссиялары, 14 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Округ бойынша сайлаушылар саны 1200 адамды құрайды.
2021 жылдың 10 шілдеден бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2021 жылдың 19 шілдеге барлығы 2 кандидат: 2 кандидат өзін- өзі ұсыну жолымен ұсынылды. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 23 шілдеге дейін жалғасады.

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments