Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетUncategorizedАлматы облысы жәрмеңкеге 180 тонна өнім әкелді

Алматы облысы жәрмеңкеге 180 тонна өнім әкелді

Жылдағы дәстүр бойынша  Алматы облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
 Шара қала күніне орай  арнайы ұйымдастырылды.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Алмас Батановтың айтуынша, биыл жәрмеңкеге 180 тоннаға жуық өнім әкелінген.
— Аталған жәрмеңкеде облыстың тауар өндірушілері өз тауарларын тікелей тұтынушыларға, делдалдарсыз сатуда. Нәтижесінде жәрмеңкедегі тауарлардың бағасы нарықтық бағадан 10-20 пайызға төмен.

Өздеріңіз білетіндей, Алматы облысында дәнді дақылдар, күріш, майлы дақылдар және алма мен алмұрттың, жүзімнің, көкөністердің барлық түрлері, сондай-ақ мал және құс шаруашылығы дәстүрлі түрде белсенді дамыған. Республикада облыс өрік өсіру бойынша 1-ші орында, — деп сөзін қорытындылады А.Батанов.
Дәлірек айтқанда:
• 20,3 тонна ет өнімдері
• 6 тонна сүт өнімдері
• 20,6 тонна картоп
• көкөніс 25,4 тонна
• алма, жеміс-жидек 22 тонна
• басқа өнімдер 45,2 тонна өнім әкелінген.
Жәрмеңкедегі тауарлардың бағасы нарықтағы бағадан 10-20 пайыз төмен. Мысалы:
• ет — 2500 тг
• жылқының сұрпы еті — 2700
• қазы — 3000 тг
• қарта — 2500 тг
• тауық еті — 1100 тг
• ысталған шұжық — 1700 тг
• пісірілген шұжық — 1600 тг
• балық — 350-900 тг аралығында
• жұмыртқа — 450 тг
• сүт — 300
• кілегей — 1800 тг
• құрт, ірімшік — 1500-2500 тг
• қант — 400 тг
• ұн (жоғары сұрып) — 180 тг және т.б.
Арнайы ұйымдастырылған шараға жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Жәрмеңкеге ірі шаруа қожалықтары да өз өнімдерін әкелген. Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған саудагерлер дән риза. Таңғы 9.00-ден бастап-ақ кәсіпкерлердің қолы жүріп, сауда жасап жатты.
Жалпы Алматы облысы елімізде сары өрік өсіру бойынша 1-ші орынды, картоп өсіруден 2-ші орынды, күріш егуден 2-ші орынды алып отыр. Сондай-ақ облыс құс өсіріп, етін өңдеуден алғашқы орында. Өңірде 8,3 млн бас құс бар. Алматы қаласы бойынша құс етінің сұранысын (35 мың тонна) толықтай қамтамасыз етіп отыр.
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments