Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарАнгелина Лукас әлем чемпионы атағын жеңіп алды

Ангелина Лукас әлем чемпионы атағын жеңіп алды

Боксшы WIBA әлем титулын иеленді.

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (5-1, 2 КО) Бакуде (Әзербайжан) кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетіп, пәкістандық спортшыны бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Ангелина Лукас пәкістандық Рома Юсуфпен (5-0-1, 2 КО) кездесті. Бұл жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті және сегіз раундқа жоспарланған болатын. Жекпе-жекте Лукас бірінші раундта нокаутпен жеңіп, WIBA әлем титулын иеленді.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, WIBA белбеуіне қол жеткізсе, Рома Юсаф спорттық мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Бұған дейін Лукас WBC International және UBO чемпиондық белбеулерін де жеңіп алған болатын.

Жекпе-жектен кейін Лукас Instagram әлеуметтік желісінде қарсыласына жекпе-жек үшін алғысын білдіріп, бірге түскен суретін жариялады.

«Мен Рома Юсуфқа жекпе-жек үшін алғыс айтқым келеді! Ол өз елінің аңызға айналған боксшысы.  Кәсіпқой боксшылар арасында ең жоғары рейтингке ие болған алғашқы әйел адам! Ал бүгін біз тарихта атымызды қалдырып, әлем чемпионы атағы үшін күрестік. Респект», — деп жазды Лукас.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments