Понедельник, 14 октября, 2024
Басты бетАЭСАтом энергиясы бизнестің дамуына серпін береді – Халықтық штаб

Атом энергиясы бизнестің дамуына серпін береді – Халықтық штаб

Атом электр станциясының құрылысы тек ядролық мамандар мен ғалымдарды ғана емес, сонымен қатар жұмысшыларды, құрылысшыларды, әртүрлі тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерді тартуды талап етеді. Ол сауда, қоғамдық тамақтану, көлік және тағы басқа салаларда қызмет көрсететін жергілікті бизнестің дамуына оң әсерін тигізеді. Бұл туралы Халықтық штаб мүшелерінің Алматы облысындағы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесуінде айтылды.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев атап өткендей, АЭС-ті ұзақ мерзімді пайдалану арқылы тұрақты жұмыс орындарын құруға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Жалпы, мұндай жобалар іргелес аумақтарды экономикалық тұрғыда дамытудың катализаторына айналады.

«Біз бәсекелік артықшылығымызды пайдалануымыз керек. Қазақстан – уран өндірісі бойынша көшбасшы мемлекет. Елімізде Үлбі металлургия зауыты, Ядролық физика институты, Ұлттық ядролық орталық жұмыс істейді. Онда тәжірибелі мамандар еңбек етеді. Яғни, елімізде барлық мүмкіндік пен ресурс бар. Сондықтан, тұйық циклге шығып, елді тұрақты энергиямен қамтамасыз ету – біз үшін өте маңызды», – деді ол.

«Dolce-pharm» фармацевтикалық компаниясының директоры Маржан Омарова атом электр станциясын салу барысында электр энергия өндірумен қатар ядролық медицинаны дамытуға болатынын атап өтті. Мәселен, медициналық изотоптар реактордың және кейбір отынның ыдырау тізбектерінің жанама өнімі саналады. Оларды альфа бөлшектердің сәулесімен емдеудің перспективалық зерттеулерінде, сондай-ақ рентгенографияда қолдануға болады.

Ал «DAMU Logistics» басқарма төрағасы Сәкен Тойлыбаев өндірістің орта және ірі көздерін жедел дамыту үшін қазіргі заманғы әрі қолжетімді энергия көздерінің көп мөлшері қажет екенін атап өтті.

«Біз энергия жүйесінде тәуелсіздікке қол жеткізіп, жаңа зауыттар салуымыз, жұмыссыздық санын қысқартуымыз, Қазақстандағы өңірлерді дамытудың мультипликативті әсерін және тұрақты экономиканы қамтамасыз етуіміз керек. АЭС салудан емес, АЭС болмаса қалай өмір сүретінімізден қорқуға тиіспіз!», – деді ол.

Өңір кәсіпкерлері атом энергиясына қолдау білдіріп, АЭС бизнесті дамытудың негізгі факторы саналатын тұрақты әрі сенімді энергияның кепілі болады деген ортақ пікірге келді.

RELATED ARTICLES

Референдум 2024

Референдум 2024

Референдум 2024

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments