Пятница, 27 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарБизнесті заңсыз тексерулер шектелді

Бизнесті заңсыз тексерулер шектелді

Мемлекет басшысымен Қазақстан халқына соңғы Жолдауында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға жол бермеу туралы талаптар атап өтілді.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Президенттің Жарлығымен шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруге 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімге тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізуге мораторий жарияланды.
Мораторий жарияланған сәттен бастап Алматы облысының прокуратура органдарымен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде заңсыз тексерулер мен профилактикалық бақылаудың өзге де нысандарын жүргізудің 244 фактісін, оның ішінде мораторий талаптарын бұза отырып, 128 фактіні анықтады.
Мысалы, өткен жылы Еңбекшіқазақ ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкері азық-түлікті бөлшек саудада өткізу дүкенінің қызметін аралап, тексерді.Лауазымды тұлғаға қатысты аудан прокурорымен ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды және сот қаулысымен кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тағы бір жағдай, 2020 жылы Қапшағай қаласының Ішкі істер органдарымен террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын талаптардың орындалуы тұрғысынан екі шағын кәсіпкерлік субъектісі тексерілді. Бұл ретте, бизнес субъектілері мұндай объектілердің тізбесіне кірмеген. Қадағалау актісі бойынша заңсыз тексерулердің нәтижелері жойылды, кінәлі адамдар жазаланды.
Ағымдағы жылы полиция қызметкерлері мониторингтік топтардың қызметіне сылтаумен кафе, мейрамханалардың қызметінде карантиндік шектеулердің заңдылығының сақталуына жеке-дара тексеру жүргізді. Ал полиция органдары мұндай тексерулерді тек мониторингтік топтардың құрамында ғана жүргізуге тиіс. Қадағалау актілері бойынша 18 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылуына жол берілмеді, кінәлі полицейлер тәртіптік жазаға тартылды.
Заңсыз тексерулер мен профилактикалық бақылаудың өзге де нысандары фактілеріне басқа мемлекеттік бақылау органдары тарапынан да жол берілген. Барлық анықталған фактілер бойынша прокурорлық ден қою шаралары қабылданды, бизнестің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Алматы облысында кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына дер кезінде ден қою мақсатында бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтар құрылып, жұмыс істеуде, олардың байланыс телефондары облыс прокуратурасының сайтында орналастырылған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments