Пятница, 14 июня, 2024
Басты бетUncategorizedБикен Римованың 100 жылдығына арналған «BIKEN» I-Халықаралық театр фестивалі

Бикен Римованың 100 жылдығына арналған «BIKEN» I-Халықаралық театр фестивалі

Қазақстанның Халық артисі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, көрнекті театр және кино актрисасы Бикен Римованың 100 жылдығына арналған«BIKEN»

IХалықаралық театр фестивалінің

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры Қазақстанның Халық әртісі, тыңнан түрен салған әйгілі актриса Бикен Римованың 100 жылдығына орай 29 қыркүйек – 4 қазан аралығында «BIKEN» I-Халықаралық театр фестивалін ТҮРКСОЙ ұйымының деңгейінде өткізуді жоспарлауда.Фестивальдің басты мақсаты – сахна саңлағы Бикен Римованың 100 жылдығын мерекелеуге, оның есімін ұлықтауға, сонымен қатар, режиссерлер, актерлер арасынан кәсіби қолтаңбасы қалыптасқан үздік сахнагерлерді анықтау болып отыр. Фестивальға Қазақстаннан Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық драма театры, Алматы қалалық Мәдениет басқармасының «Жаңа ғасыр» театры, Астана қалалық «Музыкалық жас көрермен театры», Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры және шет елден Түркия, Әзірбайжан, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттері қатысады.  

Фестивальдің бағдарламасы бойынша Бикен Римованың 100 жылдығына орай, актрисаның бюсті салтанатты түрде ашылады. Сонымен қатар, ғасырға жуық тарихы бар М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры фестивальдің қадірлі қонағы ретінде Бикен Римова басты рөлді сомдаған «Еңлік-Кебек» қойылымын сахналамақ. Оның басты себебі, әйгіліактрисаның төл театрға ғұмырының басым бөлігін арнағаны болып отыр.

Театр фестивалі халықаралық деңгейде өткізілетін болғандықтан фестивальдің қазылар алқасының мүшелері Қазақстанмен қоса, Әзірбайжан, Башқұртстан елдерінен сарапталды. Атап айтар болсақ, қазылар алқасының төрағасы «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері», М.Әуезов атындағы Қазақтың Ұлттық драма театрының директоры, Өнертану ғылымдарының кандидатыЕркін Жуасбек. Қазылар алқасының мүшелері: филология ғылымдарының докторы, өнертану ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық театр сыншылары қауымдастығының мүшесі, түркітілдес елдердің мемлекеттік театрларының директорлар кеңесінің төрағасы Исрафил Исрафилов, Өнертану кандидаты, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доцентi, Театр сыншылар бірлестігінің президенті – Анар Еркебай, Өнертану ғылымының кандидаты, доцент, Загир Исмагилов атындағы Уфа мемлекеттік өнер институтының «Өнер тарихы және теориясы» кафедрасының меңгерушісі – Айсылу Сагитова, Өнертану магистрі, Театр сыншылар бірлестігінің мүшесі, Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы – Айзат Қадыралиева.

Мекен жайымыз: Талдықорған қаласы, Көктем ш/а, 24

Байланыс телефоны: + 7 (777) 394-88-15

email: biken2006@ma

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments