Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетUncategorizedБірінші қазанан бастап Алматы облысында тұмауға қарсы вакцинация басталады

Бірінші қазанан бастап Алматы облысында тұмауға қарсы вакцинация басталады

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 6 қаулысына сәйкес ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцина 2023 жылғы 01 қазаннан басталатыны туралы Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева егжей — тегжейлі айтып берді.
“Тұмауға қарсы вакцинациялауға жататын адамдардың жалпы саны 16800 мыңнан асады. Денсаулық сақтау басқармасымен ағымдағы эпидемиологиялық маусымда «Гриппол плюс» ЖРВИ-ға қарсы вакцинаның 165 000 дозасын қамтамасыз етті”,-дейді Лейла Серікбаева
Маманның айтуынша ЖРВИ және тұмауға қарсы күрес бойынша жоспар құрылып, 305 егу кабинеті ұйымдастырылды. Емханаларда қоңырау шалу және кеңес беру үшін қосымша 20 телефон бөлінді. Үйде қызмет көрсетуге арналған 91 автокөлік бар. ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін 201 және қосымша 88 инфекциялық төсек-орын қоры қарастырылған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments