Четверг, 20 июня, 2024
Басты бетЖаңалықтарБүгін Астанада ондаған нысанда жарық сөндіріледі

Бүгін Астанада ондаған нысанда жарық сөндіріледі

23 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді. Бұл күні әлемнің мыңдаған түрлі сәулет нысандары мен ғимараттарында жарық бір сағатқа өшіріледі.

«Жер сағаты» — Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) демеушілігімен өтетін жыл сайынғы халықаралық шара, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 2 миллиардтан астам адам қатысады. Бұл әртүрлі елдердің миллиондаған адамдары 1 сағатқа жарық пен электр құралдарын өшіретін, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықтарын өшіретін уақыт.

Акцияның мақсаты – табиғатқа және планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.

«Жер сағаты» науқаны кезінде WWF планетаның болашағына алаңдаушылық белгісі ретінде жарықтар мен тұрмыстық электр құрылғыларын бір сағатқа өшіруге шақырады.

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments