Пятница, 11 октября, 2024
Басты бетЖаңалықтарВейп сатқандар енді 50 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін

Вейп сатқандар енді 50 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін

Елімізге вейптерді әкелуге, таратуға тыйым салынады. Бұл туралы Мәжіліс отырысының екінші оқылымында қабылданған денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында жазылған. Құжатты таныстырған Гүлдара Нұрымованың сөзінше, заң жобасында вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толық тыйым салуды белгілеу көзделген.

Вейптердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Атап айтқанда, сатқаны үшін ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу; әкеліп, таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде жасалған, бiрнеше рет жасалған әрекеттер үшiн – 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген.

«Сонымен қатар, әскери медицина қызметкерлерінің қызметін жетілдіру, медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық хаттамаларды ұсыныстар ретінде қолдану жөніндегі нормалары да бар. Жалпы алғанда, заң жобасында 13 заңнамалық актіге, оның ішінде 4 кодекс пен 9 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Заң жобасының нормаларын талқылау бойынша жұмыс тобының 35 отырысы және Комитеттің кеңейтілген отырысы, 12 жұмыс жиналыстары, 2 дөңгелек үстел өткізілді», – деп түсіндірді депутат.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments