Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарВенгрияда өткен жарыста Қазақстан боксшылары 5 алтын медаль ұтып алды

Венгрияда өткен жарыста Қазақстан боксшылары 5 алтын медаль ұтып алды

Иштван Бочкайды еске алуға арналған дәстүрлі турнирде бокстан Қазақстан құрамасы 5 алтын медальға ие болды

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

68-рет өткен халықаралық турнирде Қазақстан, Украина, Болгария, Хорватия, Солтүстік Македония, Моңғолия, Польша, Румыния, Сербия, Швейцария, Венгрия елдерінен 125 боксшы бақ сынады.

Венгрияның Дебрецен қаласындағы жарыста мына спортшыларымыз өз салмақ дәрежесі бойынша чемпион атанды:

  • Асхат Жүсіпов (48 кг);
  • Асылжан Серікбай (57 кг);
  • Жексен Бейбарыс (60 кг);
  • Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг);
  • Ерасыл Жақпеков (80).

Сондай-ақ Даниал Сәбит (51 кг), Кенже Мұратұлы (54 кг), Сабыржан Аққалықов (71 кг), Темірлан Мұқатаев (86 кг) күміс медаль иеленді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments