Понедельник, 2 декабря, 2024
Басты бетUncategorizedЕгемендік – ең басты құндылық

Егемендік – ең басты құндылық

Тəңірдің бергеніне тəубе айтудан жаңылмаймыз. Ел тəуелсіздік алғалы 32 жылды артта қалдырыпты. Осы жылдар аралығында тар жол тайғақ кешуден өткен жас мемлекеттің жаңашыл қадамдарын аңғаруға болады. Тарихты түре тартып, 1991 жылы
КСРО ыдыраған тұста ел тəуелсіздігін жариялаған қазақ мемлекетінің бертін келе қандай белестерді бағындырғанын тарқатайықшы. Ең əуелі 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларация 1991 жылы Тəуелсіздік туын тік көтеруге сеп болғанын айта кеткеніміз абзал. Бұл арман болған тəуелсіздікке қарай жасалған алғашқы қадам болатын. Ел егемендігін алған соң, көрші мемлекеттер əсіресе, түрік халықтары Қазақстанның тəуелсіз ел болатындығына сенім білдірді. Аталған декларация қабылданғаннан кейін қазақ даласының өзіне тəн
шекарасы белгіленіп, қазақтың алтын бесік ата жұрты Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасы болды. Тек бұл ғана емес, декларация қабылданғаннан кейін мемлекеттік бюджет, халықаралық қатынастағы дербестік, мемлекеттік
рəміздер бекітілді. Қазақстанның егемендегі мен территориясының тұтастығы саяси, құқықтық жəне экономикалық тұрғыдан дəйектелді. Осы кезден бастап ел ішінде біраз өзгерістер орын алды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments