Четверг, 26 декабря, 2024
Басты бет101 хабарлайдыЕгінді өрттен сақта!

Егінді өрттен сақта!

            Жаз басталысымен егіс алқаптарында өрт жиілеп кетті. Өрт қауіпті кезеңде өрттерді болдырмау үшін Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің өртке қарсы қандай іс-шараларды өткізу керектігін тағы да еске салғысы келеді:

— ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа қожалықтарының және т. б. басшылары өртке қарсы қауіпсіздікке жауапты тұлғаларды тағайындасын, механизаторлармен өртке қарсы нұсқама өткізсін, егін жинау науқаны кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына бақылау ұйымдастырсын;

— егін жинау машиналары мен тракторлар егін алқаптары мен шабындық жерлерге шығар алдында оларды жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау, өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау,

— егін жинау және пісіп-жетілу кезеңінде егістікті қорғау үшін шолғыншы және далалық айналып өтушілерді бөлу;

— орман алқаптарына, дала жолағына, автожол мен темір жолдарға іргелес жерлердегі астық алқаптары белдеумен шабылуы және жыртылуы тиіс (ені кемінде 4 метр),

— нан жинау кезеңінде орылған шөпті, өсімдік қалдықтарын жағуға және егістіктерде от жағуға тыйым салынады.

Масақты дақылдарды жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау кезінде астық алқаптарында өрттің туындау мүмкіндігін толығымен жоюға болады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments