Понедельник, 27 мая, 2024
Басты бетЖаңалықтарЕлена Рыбакинаның Abu Dhabi Open-2024 турниріндегі жеңісі

Елена Рыбакинаның Abu Dhabi Open-2024 турниріндегі жеңісі

WTA рейтингінде 5-ші орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Біріккен Араб әмірліктерінде өткен Abu Dhabi Open-2024 турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Финалда Рыбакина WTA рейтингінде 14-орында тұрған ресейлік Дарья Касаткинамен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті — 6:1, 6:4. Осылайша Елена биылдың өзінде екі жүлде алып үлгерді.

Халықаралық әйелдер теннисі ассоциациясының (WTA) ақпаратына  сүйенсек, Әбу-Дабидегі турнирде жеңіске жеткені үшін қазақстандық теннисші 142 000 доллар көлемінде жүлде алды. Ол сондай-ақ 500 рейтингтік ұпай жинап, WTA рейтингі жаңартылған кезде 4-орынға көтерілуі қажет.

Рыбакина өткен айда Брисбенде (Аустралия) өткен турнирде финалда беларустық Арина Соболенконы жеңіп, үздік атанған. Ол жеңісі үшін қазақстандық теннисші 220 000 доллар мен 500 рейтингтік ұпай алған.

Айта кетейік, Ресейде дүниеге келген Елена Рыбакина 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алып, турнирлерге Қазақстан атынан қатыса бастаған. Ол 2022 жылы Уимблдон турнирін жеңіп алған тұңғыш қазақстандық болды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments