Воскресенье, 6 октября, 2024
Басты бетТаза ҚазақстанЕлімізде республикалық экологиялық "Таза Қазақстан" акциясы басталды

Елімізде республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы басталды

Елімізде республикалық экологиялық «Таза қазақстан» акциясы басталды. Кең ауқымда әрі жаңа форматта өтетін акция бір айдан астам уақытқа созылмақ. 

«Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және  «Мөлдір бұлақ» деген тақырыптармен аталған бес аптада  әрбір елді мекенде аулалар мен көшелерді тазалау, тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстары, ағаш көшеттерін отырғызу, ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын тазалау және абаттандыру, өзен-көлдердің жағалауларын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілмек.

Қонаев қаласында басталған акцияға мектеп мұғалімдері, тәрбиешілер, этномәдени орталық пен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өкілдері қатысты. «Үш аллея» аумағы қоқыс пен қураған бұтақтардан тазартылды.

«Біздің қаламыз – аймақтағы ең басты туристік көрнекілігіміз. Қапшағай көлін көріп, тамашалауға, суға түсуге Алматы қаласынан, Жетісу облысынан, тіпті Ресейден де қонақтар келеді. Біз шалғай әрі басқа өңірлерден қонақтар қабылдайтындықтан олардың жадында біз туралы жағымды көзқарас қалыптасса екен дейміз. Тазалық біздің қаламыздың басты мақтанышына айналса екен», – деп ағылшын тілі мұғалімі Аяжан Рахманова өз ойы мен тілегін білдірді.

«Еңбек адамдарды жақындастырады ғой. Өзім тұратын, еңбек ететін қаламның жақсаруына үлес қосқанымды сезіну мен үшін ерекше әсер етуде», – деп Қоанев қаласындағы ұйғыр этно мәдени орталығының өкілі Радмила Радикова қуанышын білдірді.

Республикалық эстафетаны Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары да жалғап кетті. Мұнда алғашқы «Таза өлке» аптасы барлық медициналық мекемелердің аумағын тазалаудан басталды. Акция аясында 10 сәуір «Тазалық – денсаулық кепілі» деп аталған болатын. Осыған орай аудан әкімі Талғат Байеділов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Бекет Ахметов көпсалалы аудандық орталық аурухана аумағына боз арша өтырғызды.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға азаматтық жауапкершілігі жоғары барлық қоғам мүшелері атсалысты. Болашақта тәртіп пен тазалықты сақтау қазақстандықтар басты дағдысына айналатынына сенімдімін. Бұл адамның адамгершілік келбетінің басты белгісі болмақ.

Экологиялық акция аурухана қызметкерлері үшін бұған дейін де игі дәстүрге айналған  болатын.

Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы қарқынмен қолдау табуда. Әрбір елді мекеннің тазалығы тұрғындарға тікелей байланысты. Өйткені әрбір көше, әрбір аула, әрбір үй – сенің ауылыңның, қалаңның, ауданыңның айнасы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments