Пятница, 27 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарЕмханаларға тіркелу науқаны - 2022

Емханаларға тіркелу науқаны — 2022

 

Қыркүйектің 15-нен бастап елімізде емханаларға тіркелу науқаны басталады. Еліміздің әрбір азаматы екі ай ішінде, яғни 15-ші қарашаға дейін таңдау еркі бойынша медициналық ұйымдарға тіркелу мүмкіндігіне ие.

Тіркелу науқаны кезінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымына тіркелген азаматтар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек ала бастайды. Бұл ретте медициналық ұйым Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келер жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметтерін көрсетуге шарт жасасуы тиіс. Әрбір тіркелген тұрғын үшін медициналық ұйымдарға ай сайын жан басына шаққандағы қаржыландыру төленеді. Сондықтан, дерекқордың кәміл дұрыстығына Қор мүдделі.

Тіркеу науқаны денсаулық сақтау нысандарының дерекқорында тіркелген және тегін медициналық көмек пен МӘМС бойынша медициналық қызметті көрсететін ұйымдар арасында ғана жүргізілетінін атап өтеміз. Қормен келісім шарты бар емханалардың тізімімен www.fms.kz сайтында «Емхананы таңдау» бөлімінде танысуға болады.

Осы жылдың 31 желтоқсанына дейін азаматтар бұрын бекітілген емханаларында медициналық қызмет түрлерін алуды жалғастырады.

Алматы облысы бойынша бүгінгі таңда медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына тіркелмеген азаматтар қажетті емханасын таңдай алады. Медициналық көмекке толықтай қол жеткізу үшін тұрғылықты жері бойынша емханада немесе ЭЦҚ арқылы электрондық үкіметтің веб-порталында тіркелу мәртебесін тексеру ұсынылады.

Қазіргі таңда, денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы Кодексіне сәйкес, кез-келген консультативті диагностикалық көмекке (бейінді мамандардың кеңесі немесе лабораториялық-диагностикалық шаралар) қол жеткізу үшін телім дәрігерінің жолдамасы қажет. Сондықтан, медициналық көмекті жоспарлы түрде алу үшін, емханаға тіркелу мәселесі өте маңызды болып табылады.

«Бүгінгі таңда Алматы облысы бойынша 456 мыңнан астам адамда сақтандыру мәртебесі жоқ. Алайда, сақандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Бірақ, жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет. Осыған орай, сақтандырылмаған тұрғындарымызды МӘМС жүйесіне енуіне шақырамыз»,- деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев.

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру

қорының Алматы облысы бойынша филиалы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments