Пятница, 28 марта, 2025
Басты бетЖаңалықтарЕңбегінен ел таныр

Еңбегінен ел таныр

Қарасу ауылдық округіне қарасты Қайназар ауылының тұрғыны  Сұраған ұлы Ерен 1979 жылы желтоқсан айының 10-да Монголия Республикасы, Баян-Өлгий аймағы, Дэлүүн ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақстан Республикасы, қазіргі Түркістан облысы, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне студент болып қабылданып, Халықаралық қатынастар мамандығына оқуға түседі. 2005 жылы бакалавр дипломын алып, оқуын тәмамдайды.

Еңбек жолын 2005 жылы РЕМОО жиһаз компаниясында менеджер ретінде бастайды. 2006 жылдан бастап, өз қаражатымен  жеке жиһаз жасау кәсіпкерлігін қолға алады. 2011 жылы кәсібін кеңейтіп, 4 адамды жұмыспен қамтып, жиһаз жасау аппараттық техникаларын сатып алып кәсібін жандандыра бастайды.

2015 жылы арнайы жиһаз жасауға арналған 450 кв.м жерге цех салып, өндіріс көлемін арттырады. 2020 жылы өндіріс орнын тағы да кеңейтіп, 600 кв.м орынжай салады. Сондай-ақ, соңғы заманауи технологияларды енгізіп, жұмысшылар саны 12 адамға дейін ұлғайтады.

2025 жылға арналған жоспары бойынша, 2500 кв.м аумаққа жиһазға арналған жаңа құрылысты бастап, автоматтандырылған күніне 1000 кв.м жиһаз дайындайтын аппараттар сатып алуды жоспарлап отыр. Осы жылы 35 адамды жұмыспен қамту көзделуде.

Отбасылық өмірі туралы айтар болсақ, 2006 жылы жұбайы Сейтмуратқызы Олжагулмен отбасын құрып, 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр. Жұбайы Жамбыл ауданының орталық ауруханасында терапевт дәрігер болып қызмет атқарады. Балаларының біріншісі Алматы қаласындағы Алматы Технологиялық университетінде технология мамандығы бойынша оқып жатыр. Екінші баласы Алматы қаласындағы Смагулов атындағы дарынды балаларға арналған физика және математика мектебінде білім алуда. Екі қызы Ұзынағаш ауылы Абай атындағы гимназия мектебінде оқиды, ал кішкентайы Ұлан балабақшасында тәрбиеленуде.

 Ерен өз кәсібін дамыта отырып, ауылға үлкен үлес қосып жатыр. Ол өзінің жиһаз жасау кәсіпкерлігін бастағаннан бері көптеген адамдарды жұмыспен қамтып, жергілікті экономикаға оң әсерін тигізуде. Кәсібін кеңейтіп, жаңа технологиялар енгізіп, жұмыс орындарын көбейту арқылы ауылдағы тұрғындарға тұрақты жұмыс көзі ұсынып отыр.

Сонымен қатар, ол ауылдағы инфрақұрылымды дамытуға да үлес қосып, өндіріс көлемі

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments