Алдабергенов Өмірбек 36 жылын ағаш ұстасы мамандығына арнады. Еңбек жолын 1967 жылы Куртинский кеңшарында ағаш ұстасы, 1972 жылдан бастап бригадир болып жұмыс істеді. Жұмыс барысында ол өзін жауапты қызметкер ретінде көрсете білді, сол үшін басшылық тарапынан бірнеше мәрте марапатқа ие болды. 20 жыл ауылдық кеңестің депутаты, 15 жыл аудандық кеңестің депутаты, 12 жыл халықтық бақылаудың төрағасы болды. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген құрылысшысы, Куртинский кеңшарының және Куртин ауданының құрметті азаматы атағын алды.
Алдабергенов Қайрат Өмірбекұлы әскерден кейін бірден Ішкі істер министрлігінде еңбек жолын бастады. Сол жерде 25 жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан соң әкесінің жолын қууды ұйғарып, жеке кәсіпкер ретінде ағаш ұстасы болып жұмысқа кіріседі. Қазіргі уақытта ағаштан жасалған кәдесыйлар, жиһаздар, кәдесый пышақтары және т.б.