«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде Алматы облысының 5ауданында 24 900 окушыға арналған 26мектептің құрылысы жүргізілуде(Еңбекшіқазақ — 4, Жамбыл — 3, Іле — 4, Қарасай — 8, Талғар ауданы-7).
Осы мақсаттар үшін 2023-2025 жылдарға республикалық бюджеттен 181,6 млрд.теңге қарастырылды (2023 ж. – 59,2 млрд. теңге, 2024 ж. – 63,7 млрд.теңге, 2025 ж. – 58,6 млрд.теңге).
2024 жылы 11 100 орындық 9 мектеп(Қарасай ауданының Қошмамбет, Елтай, Долан, Көкөзек, Кемертоған ауылдары мен Қаскелен қаласы,Іле ауданының Еңбек ауылы, Жамбыл ауданының Ұзынағаш, Қарғалы ауылдары) қолданысқаберіліп, жұмысын бастады.
Айтарлықтай, берілген мектептердеинтерактивті тақталарды, мультимедиялыққұралдар мен цифрлық зертханалардықоса алғанда, заманауи мектепжабдықтары енгізілген, сондай-ақ, берілген мектептер мен өзге мектептердің құрылысы үш ауысымда оқитын мектептер санын 53 — тен 32-ге дейін азайтуға мүмкіндік берді.
Анықтама: Облыс балансына беруге және лицензия алуға қатысты
9 жаңа мектептерде (8 мектептің оқыту тілі — қазақ тілінде, 1 мектеп аралас тілде) бүгінгі күні 10 921 оқушы білім алуда және 812 педагог (390 педагог ауысу арқылы, 422 педагог конкурс арқылы) және 394 техникалық қызметкерлер жұмысқа қабылданды.
2025 жылы 17 нысанның құрылысы жүргізілуде (Еңбекшіқазақ — 4, Жамбыл — 1, Іле — 3, Қарасай — 2, Талғар — 7).
«Samruk-Kazyna Construction»Акционерлік Қоғамы ұсынған нысандарды іске қосу жоспарына сәйкес жаңа оқу жылы басталғанға дейін 17 мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда:
— 30 сәуірге дейін 3 нысан (Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылы, Талғар ауданы Талдыбұлақ, Жаңалық ауылдары);
— 30 маусым дейін 1 нысан (Жамбыл ауданы Сарыбай би ауылы);
— 25 тамызға дейін 13 нысан (Талғар ауданы Көктал, Тұздыбастау, Қызыл Ту, Төңкеріс, Жалғамыс ауылдары, Іле ауданы Қоянқұс, Түймебаев, Тілендиев ауылдары, Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота, Сатай, Ащысай, Алмалы ауылдары, Қарасай ауданы Бұлақты ауылы).
17 мектепке инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізу және абаттандыру үшін 2025 жылға жергілікті бюджеттен 2,9 млрд.теңге қаражат бөлінді.
Қазіргі уақытта 4 нысанда (Қарасай ауданының Бұлақты, Еңбекшіқазақ ауданының Алмалы, Талғар ауданының Талдыбұлақ, Жаңалық ауылдары)инженерлік-коммуникациялық желілер толық жүргізілді, абаттандыру құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жүргізілетін болады.
Қалған 13 нысанның инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізу жұмыстары жоспар бойынша орындалудажәне белгіленген мерзімде қамтамасыз етіледі.