Пятница, 21 июня, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖамбыл ауданында 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Жамбыл ауданында 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Алматы облысындағы іргелі аудандардың бірі — Жамбыл. Бұл мекенде мал шаруашылығы қарқынды дамыған. Өңірде ірі қара малы 130 мың 797 басқа, қой мен ешкі – 1 млн. 23 мың 974 басқа, жылқы – 46 мың 573 басқа жетіп аудандар бөлінісінде бірінші орында, ал түйе басы 1 749 басқа, құс 654 мың 358 басқа жеткен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас мәлімдеді.

Ауданда, 25,6 мың тонна мал мен құс еті, 60,8 мың тона сүт, 118,4 млн.дана құс жұмыртқасы өндіріліп, халықтың әлеуметтік жағдайының нығаюына сүбелі үлесін қосты. Ауылдағы ағайынның тұрмыс-тіршілігін оңалтуға бағдарланған жұмыстар тоқтаған емес. Мәселен, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 62 шаруаға 532 млн. теңгеге несие берілген, оның 81%-ы мал шаруашылығының үлесіне тиесілі.
Аудан әкімі Нұрлан Ертастың айтуынша, тіпті аймақтағы инвестициялық жобалардың басым бөлігі дәл осы шаруашылыққа негізделген.
«Жамбыл ауданында 2027 жылға дейін 7 инвестициялық жоба іске асады. Жалпы құны — 237 млрд. 600 млн. теңге. Межелі міндеттер орындалса, 7380 жаңа жұмыс орны ашылады»,-дейді Нұрлан Ертас.
Алдағы 3 жылда тұсауы кесілетін жобаның қатарында «Алматы құс фабрикасы Жетісу» ЖШС бар. Одан кейін, «BELES AGRO KZ» бройлер құс фабрикасы өңірдегі өндіріс ошақтарының қасына сап түзейді деп көзделген. Сондай-ақ, органоминералды тыңайтқыштар мен жемшөп қоспаларын өңдейтін «ALFA ORGANICS» зауыты жұмысын бастамақ.
Жамбыл жерінде тек ауқымды істерге ғана емес, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға да басымдық берілген.
«Ұлттық жоба аясында 9024 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бағдарламаның І бағыты, қысқа мерзімдік кәсіптік оқу бойынша 2023 жылы 46 млн. теңгеге 136 азамат оқуға жіберілді. Екінші кезеңде , 400 АЕК көлемінде, 31 азаматқа 42 млн. 780 мың теңге грант тағайындалды»,-деді Нұрлан Ертас.
Баспасөз мәслихаты кезінде аудан басшысы, инфрақұрылым жайына тоқталып, газға қосу, ауыз су жүйесіне қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Айтуынша, Қарасай, Үмбетәлі, Бұлақ ауылдарының ауыз су жүйелерін жаңғырту мен құрылысына ЖСҚ әзірлеуге 31,3 млн.теңге бөлінген. Ал көгілдір отынға 31 елді мекен қосылған. Күні кеше ғана, Тарғап, Самсы ауылдарына табиғи газ беріліп, 612 отбасы көгілдір отынға қол жеткізген.
Аудандық маңызы бар ауылішілік жолдардың ұзындығы 993 шақырым, оның ішінде 597 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда, деген спикер «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында 2 елді-мекеннің жолдарына 441 млн.теңге (Қазыбек бек, Еңбекшіарал), тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға барлығы 363 млн.теңге бағытталғанын айтты.
Жамбыл ауданында ілгері басқан іс — тұрғын үй құрылысы. «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында Ұзынағаш ауылында жалпы құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын 5 көп қабатты 10 тұрғын үй салынуда. Баспананы, барлық санаттағы тұрғындар несие арқылы ала алады.
Баспасөз мәслихатында Аудан әкімі Нұрлан Ертас ауданда өндірілетін өнімдерді таныстырды. Ол өз сөзінде, Жамбыл жерінде гранит тас шығарылатынын атап, зауытта шығатын заттар алыс-жақын шетелдерге жөнелтілетінін айтты. Сондай-ақ, құрылысқа қажетті жабдықтар мен бояулар көрмеге қойылып, өндірістік әлеметке шолу жасап, қорытындылады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments