Четверг, 20 июня, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына төленетін бір реттік төлем туралы

Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына төленетін бір реттік төлем туралы

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәурдегі №2200 «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» заңының (бұдан әрі-Заң) 1-бабына сәйкес саяси қуғын-сүргiндер ретiнде мемлекеттiк органдар немесе олардың өкiлi болып табылатын лауазымды адамдары саяси себептер бойынша күзетпен қамауға алуды және психиатриялық мекемелерде күштеп емдеудi қоса алғанда өмiрiн жою немесе бас бостандығынан айыру, түрiнде жүзеге асырылатын көндiру шаралары, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн нақақтан айыптаумен, не саяси сенiмдерiнiң белгiлерiне, таптық, әлеуметтiк, ұлттық, дiни немесе басқа тегiне қарап, сот, соттан тыс не әкiмшiлiк тәртiбiнде әлеуметтiк қауiптi адамдар ретiнде қудалаумен ұштасқан басқа да құқықтары мен бостандығынан айыру немесе шектеу танылады.

Күзетпен қамауға алу, бас бостандығынан айыру, психиатриялық мекемелерге жатқызу, арнайы қоныс аударуға жiберу түрiнде негiзсiз қуғын-сүргiндерге ұшыраған немесе шектеулi бостандық жағдайларында (оның iшiнде «еңбек армиялары», «Ішкi iстер халық комиссариатының жұмысшы колонналары» деп аталатындарда) мәжбүрлеп еңбекке тартылған және осы Заңға сәйкес ақталған адамдарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында олармен бiрге отырған балаларға, жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына не ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған балаларға олардың тұрғылықты жеріндегі әлеуметтiк қорғау органдары ақтау және көрсетілген орындарда болған уақыты туралы құжаттар негiзiнде бюджет қаражатынан көрсетілген орындарда болған әр айы үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және әлеуметтiк қорғау органдарына өтiнiш жасаған кезге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің төрттен үш бөлiгi есебiнен, бiрақ айлық есептік көрсеткiштің 100 еселенген мөлшерінен артық емес ақшалай өтемақы төлейдi.

Өтемнiң есептелген сомалары айлық есептік көрсеткіштің өзгеруiне сәйкес индекстеледi.

Өтем есептелiп, бiрақ оны ақталған адам қайтыс болуы себептi алмаған реттен басқа жағдайларда, мұрагерлерге төленбейдi.

Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидалары Заңға сәйкес ақталған жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына біржолғы ақшалай өтемақы төлеу тәртiбiн айқындайды.

Ақшалай өтемақы алуға құқығы бар азаматтар ақшалай өтемақы тағайындау үшiн тұрғылықты тұратын жерi бойынша ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілетті ұйымға:

  1) өтiнiш;

  2) жеке басты куәландыратын құжат;

 3) ақшалай өтемақы алу құқығын растайтын құжат (прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан Заңның 22-бабында көрсетілген орындарда болған кезеңі көрсетіліп ақталғаны туралы анықтама).

Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары үшін қосымша – туу туралы куәлік не тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасынан үзінді көшірме, прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан Заңның 22-бабында көрсетiлген орындарда болған кезеңі көрсетіліп ата-анасының біреуінің ақталғаны туралы анықтама ұсынылады.

         Асель Смаилханова

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің №2зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments