Пятница, 28 марта, 2025
Басты бетЖаңалықтарЖасанды интеллект арқылы жалған видео жасағандар жауапкершілікке тартыла ма: депутат жауап берді

Жасанды интеллект арқылы жалған видео жасағандар жауапкершілікке тартыла ма: депутат жауап берді

Мәжіліс кулуарында депутат Екатерина Смышляева жасанды интеллектті пайдаланып, адамның фотосы немесе дауысын синтездеу техникасын пайдаланғандар үшін Қазақстанда қандай жауапкершілік енгізілуі мүмкін екенін айтты.
Журналистер депутат Екатерина Смышляевадан жасанды интеллект туралы жаңа заң жобасында дипфейктерге қатысты қандай жауапкершілік қарастырылатынын сұрады.

«Бұны қазір айта алмаймын, себебі әлемдік тәжірибе бар. Біз бұл мәселеге сәл кейінірек ораламыз — шамамен бір айдан кейін азды-көпті ұстаным қалыптасады. Мәселе мынада, Қылмыстық және Әкімшілік кодекстің кез келген басқа бабы сияқты, дипфейктерге қатысты кез келген заң бұзушылық оған жауапкершілікті сәйкестендіру тұрғысынан анық және түсінікті түрде негізделуі керек. Қазір қандай да бір мерзім мен санды атаған дұрыс емес, өйткені оны сол қалпы қабылдайтындар табылады», — деді Екатерина Смышляева.

Депутаттың айтуынша, қазірдің өзінде дипфэйктерге қатысты Әкімшілік және Қылмыстық кодекс баптары қолданылуы мүмкін. Бірақ олар заң бұзушылықтың қосалқы құрамымен байланысты.

«Дипфэйктің өзі емес, оның мазмұны, яғни, ол адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірсе, қоғамдық пікірмен манипуляция жасаса немесе алаяқтық әрекетке барып, материалдық залал келтірсе, екінші бөлігі үшін жауапкершілік қарастырылған. Бұл жағдайда ақпараттық технологияларды пайдалану жауапкершілікті ауырлататын мән-жай ретінде қарастырылады. Бізде мұндай бап бар. Бірақ оның құрамын пысықтауды бір ай кейінге қалдырайық», — деді ол.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments