Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖастар - ауыл мақтанышы

Жастар — ауыл мақтанышы

  Ауыл қашанда қасиетті ұғым. Жусаны  мен жуасы бұрқыраған адам баласы үшін туған ауылының орны бөлек. Өнерлі, талантты жастар мен қатар спортшы өрендердің қарапайым ауылдан шығатыны ақиқат. Татулығы мен бірлігі, татымды тірлігі жарасқан Сарыбай би мен Еңбекшіарал ауылдарынан небір өнер тарландары, танымал тұлғалар шыққан. «Туған ауылыңа туыңды тік» демекші өз ауылының абыройын арттырып, мәртебесін өсіріп жүрген азаматтың бірі Талапхан Әуесханұлы. Ол Еңбекшіарал орта мектебінде ұзақ жылдар бойы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және еркін күрестен жаттықтырушы болып қызмет атқаруда. Қазіргі уақытта мектеп қабырғасындағы өскелең жастарға барлық жағдай жасалуда, мектепте түрлі спорт үйірмелері жұмыс жасайды. Бұл мүмкіндіктеи жыл өткен сайын балғындардың спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыра түсері анық.  Сонымен қатар аудан орталығындағы спорт кешенінде каратэ, таэквондо, футбол, күрес, тоғызқұмалақ, бокс үйірмелері тұрақты жұмыс атқаруда. Сарыбай би ауылында Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, ауылдың балғын спортшы жастарына арналған іс-шара өтті. Ауыл әкімі Нұржан Қанағатұлы әртүрлі аудандық және облыстық жарыстарға қатысып, топ жарып, жүлдегер болған ауылдың жастарымен кездесу ұйымдастырып, жақсы істің жанашыры болды. Бапкер Талапхан Тілешбаев спортшы шәкірттерін және өзге бапкерлермен бірге жастарды қабылдап, олардың қол жеткізген жетістіктерін саралады. Ауылдың футбол мен еркін күрес командалары облыстың жүлдегері болса, жүгіру мен дзюдоға қатысушылар Қазақстан чемпионатының топ жарған жүлдегерлері атанып, аудан намысын қолдан бермеуде. Бұл кездесу спортшы жастарды қолдап, жігерлендіру мақсатында ұйымдастырылған болатын. Әрі спорт  жаттықтырушыларымен алдағы жоспарлары жайында әңгімелесіп,  жастармен өзара пікір алмасты. Бұдан соң ауыл әкімі Нұржан Қанағатұлы алғысын білдірді . Содан кейін барлық спортшы жастарды Алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтарын тапсырып, өзінің жүрекжарды ризашылығын айтты.

 

Тұрсынжан Тоқтасын

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments