Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖАС ЖҮЛДЕГЕРЛЕР

ЖАС ЖҮЛДЕГЕРЛЕР

Аудан орталығы Ұзынағаш аулында орналасқан Шоқан Уалиханов атындағыорта мектебінде жастардың қатысуымен мән-мағынаға толы патриоттық тәрбиесабағы жоғары деңгейде өтті. Мектептің оқушыларынан құралған «Ту» тобыосы бағыт бойынша көптеген нәтижелі көрсеткішке жыл сайын қол жеткізіпотыр. Нақтылай түссек, халық қаһарманы, Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туынтіккен взвод командирі Рақымжан Қошқарбаев пен армия генералы, ҚР Қорғаныс министрі, Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы СағадатНұрмағанбетовтың туғанына 100 жыл толуына байланысты «Жас мерген 2024» жауынгерлік үнпарақ байқауы өтті. Байқауда 9-сынып оқушылары ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, бұл сайыста командалық есепте1-орынды иеленгені үшін 10-11 сынып оқушылары І-дәрежелі дипломға қолжеткізді. Бұдан бөлек, «Ту» тобы «Жасұлан» оқушылар үйінде өткен саптықбайқауда «Үздік ту тобы» номинациясының иегері атанып, 2-3-ші орындарданкөрінді. Сонымен бірге «Жамбыл ауданындағы төтенше жағдайлар бөлімі» ұйымдастырған «Жас құтқарушы 2024» жасақтар арасында өткен жарыста«Ту» тобы 2-орынды бағындырып, мектебіміздің абыройын тағы бір мәртеасқақтатты.

Осы жерде шара жетекшісі әскери дайындық пәнінің мұғалімі АйдарБазарқұловтың еңбегін ерекше атап өтуіміз керек. Ол мектебімізде 4 жылданастам уақыт қалтқысыз еңбек етіп, балаларға тәлім-тәрбие беріп келеді. Оныңтәрбиесінен шыққан шәкірттердің ұстазға деген алғысы шексіз десек, қателеспейміз. Олай болса, мектебіміздің оқушылары алдағы жазғыдемалыстарын жақсы өткізіп, келесі жылы да осы жетістіктер жолынан таймай, жаңа оқу жылын нық қадаммен бастайды деген сенімдеміз.

Динара ДЖАППАРОВА,

Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments