Понедельник, 30 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖаңа банкнот: Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Жаңа банкнот: Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Ұлттық банк жаңа дизайнда шыққан номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды 2023 жылы 25 желтоқсанда айналымға шығарды. Бұл – «Сақ стилі» жаңа сериясының алғашқы банкнотасы

ҚҰБ шынайы банкноталарды жалған ақшадан өз бетінше ажыратуға көмектесетін қарапайым ережелер бар екенін еске салады және 2023 жылғы үлгіде шыққан жаңа дизайндағы 5 000 теңгелік банкноталардың қорғаныш элементтерін ұсынады.

Банкнотада рельефті қалыптастыратын – алтын интаглио арнайы баспа тәсілі қолданылған. Қазақстан Республикасының елтаңбасы алтын металл бояудың жоғары бедерлі қабатымен басылған.
Банкнотаның бет жағындағы шеттерінде шығыңқы, жоғары рельефті элементтер бар, олар қолмен ұстағанда жақсы сезілетін – көру қабілеті нашар адамдарға арналған белгі.

Банкнота бетінде үзік-үзік түрінде шығып тұрған екі түсті қорғаныш жіп те бар. Ол жарық түскенде бір тұтас жіп ретінде анық көрінеді. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде қызыл және көк түстердің өзара әрекеттесуінен динамикалық үзілу әсері пайда болады.

Банкнотаның екінші бетінде «Бүркіт» артефактінің көлемді бейнесі түріндегі Спарк элементіорналасқан. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде Спарк түсі алтыннан нефрит түсіне өзгереді.

Мұндай тексеру тәсілдері бірнеше секунд уақытты алады және кез келген адамға банкнотаның түпнұсқалығын анықтауға көмектеседі.

 

 

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments