Вторник, 5 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖетім көрсең, жебей жүр

Жетім көрсең, жебей жүр

Үңгіртас ауылының ардагерлер кеңесініңтөрағасы Асылбекова Күлшар ҚасенқызыҮңгіртас ауылдық округындағы Көкқайнар ауылының көпбалалы, жалғызбасты анасыАйгуль Жакутқызының тұрмыс, тіршілігін ұзақ уақыт зеттей отырып, «Даулеттен» қайрымдылық қорынан көмек сұрап жүріп, бар жағдайы жасалған 20 сотық жері бар, 6 бөлмелі үлкен үй әперуге ықпал етті.Ауласында моншасы, арнайы жаздық ас бөлмесі де бар. Үйді 8 миллион, қалған керекті үй жабдықтары 1 миллионға алынды. Бұл жалғызбасты ана осы күнге дейін төрт кәмелетке толмаған балаларымен аппатты үйде тұрып жатқан екен. Әкелері Бекболат жарты жыл бұрын өмірден өткен.

   Бұл жаңалыққа Көкқайнар ауылың тұрғындары түгелімен қуанып, қолдау көрсетті. Үйді табыстауға келген «Дәулет»қорының мүшелері отбасы мүшелерін лента қидырып, кіргізді. Осы шараға келген ауыл белсенділері, ауыл әкімі әлі де бұл отбасына қолдарынан келгенше көмектерін көрсететіндерін айтты. Ауыл әкімі Абдуали Даурен Нұрмұханбетұлы ауылға газ тартылса, осы отбасына газ кіргізуге көмектесетінін, ал ауыл белсенділері осы отбасына АСП  алу бойынша құжаттарды жинап, көмек беретінін айтты. Стол басында бұл отбасына жақсы тілектер айтылып, бата берілді. Әкелері Абилдаев Бекболаттың анасы мен туған  туыстары алғыстарын білдірді.

    Бекболаттың сыныптастары жақында ғана бұл отбасына қыстық отын ретінде көмір түсіріп, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Бұл азаматтарға ерекше алғыс білдіремін.  

   Үңгіртас ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Асылбекова Күлшар Қасенқызының өз ауылдық округына «Дәулеттен» қоры арқылы әперген бұл екінші үйі. Алдында Сарыбастау ауылындағы жалғызбасты 9 балалы әкеге үй алуға ықпал еткен болатын. Осы шараға сол ауылдың тұрғыны, аудандық мәслихат депутаты және аудандық Аналар кеңесінің төрағасы ретінде мен де қатысып, қуаныштың куәсі болдым. Осындай ауылына жаны ашып, халық үшін аянбай еңбек жасап жүрген Күлшар Қасенқызына және осындай іс-шараларға қолдау көрсетіп, ақыл-кеңесін беріп жүрген аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Мендебаев Батырханға ерекше алғысымды білдіремін. Халқына жаны ашитын осындай дана қарияларымыз көп болса екен дегім келеді.

Алматы облысы, Жамбыл ауданының мәслихат депутаты, аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Станкулова Гульзира Нұриқызы  

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments