Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарЖұмыссыз жастарға 110 мың теңге

Жұмыссыз жастарға 110 мың теңге

Былтыр 106 мың азаматқа 16 миллиард теңгеге жуық төлем берілген.

Қазақстанда жыл сайын 100 мың адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алып келеді. Биыл жарты жылдың ішінде 60 мыңнан астам азаматқа 8 миллиард теңгеден астам қаржы берілген. Қордан бөлінетін қаражаттың көлемі әр адамның еңбек өтіліне қарай тағайындалады. Алғашқы алты айда қызметке орналаспаған адам қорға тағы да өтінім бере алады.
Тоғыз жылға жуық видеоинженер болып қызмет еткен Нұржан Ықыласов мамыр айында жұмыстан шығып қалған. Алайда, жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде бірден тіркелмеген. Тек бір айдан кейін ғана жақынынан қордан ақша алуға болатынын біліп, орталыққа барыпты. Айтуынша, жұмыссыз қалғаны үшін әлеуметтік сақтандыру қорынан айына 110 мың теңге тағайындалған.

«Enbek.kz сайтына кіріп, шот нөміріңді жазасың. Сосын жұмыстан босап қалған кездегі төленетін ақшаны алатынымды айтты. 15 шілде күні бірінші айдың төлемін алдым. Кейін ресми түрде бір компанияға жұмысқа кірдім», – дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Нұржан Ықыласов.

Жұмысқа ресми түрде орналасқаннан кейін оны растайтын анықтаманы өткізу керек. Ол қордан қосымша ақша аударылмауы үшін қажет.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments