Сұлтанбек Есбол Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің 3 курс студенті. Оқып жатқан мамандығы . «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігі: «Ауыл шаруашылығы өндірісінін тракторист-машинисі» . Оқу барысында Есбол өзін жоғары қабілеттері бар студент ретінде танытты. Таңдаған мамандығына лайықты қызығушылық танытады. Оқу тәжірибесінде ол өзін саналы, еңбекқор, өз мамандығына қызығатын студент ретінде көрсетті. Сабақта зейінді және белсенді. Дәлелсіз себептермен сабаққа келмеу болған жоқ. Оқытушылармен сыпайы және әдепті ұстайды.
Мінезі бойынша көпшіл. Топтастарының арасында беделі бар, көшбасшы да қасиеті бар Физикалық дамыған. Топ өміріне белсене қатысты: спорттық жарыстар, байқаулар, жәнеде ғылыми зерттеу жұмыстарына да қатысып орын алды. Берілген тапсырмаларды уақытылы орындайды.