Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жыл басында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 340,3 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесі бекітілгенін хабарлады. Бұл ретте баға 2023 жылдың деңгейінде барлық өңірде – ҚҚС-пен 250 теңге/литр қалды. Бұл бөлшек саудадан 15%-ға немесе 45 теңге/литрге төмен.
«Ақпан-наурыз айларында 50,1 мың тоннаның 27 мың тоннасы немесе 55%-ы жөнелтілді. Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігіне 35,8 мың тонна дизель отынын қосымша жеткізуге өтінім жолданды. Іріктеу фактісінің 55%-дан аспайтынын және 2023 жылғы күзгі дала жұмыстары қалдықтарын ескере отырып, Энергетика министрлігі АШМ-мен бірлесіп ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын тиеп-жөнелтудің оңтайлы кестесін айқындайды», — деді министр.