Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарМектептегі ашық есік күні

Мектептегі ашық есік күні

Мектеп, Ата-ана, Ұстаз. Бұл үш ұғымның бала өмірінде атқарар рөлі жоғары. Адам бойындағы асыл қасиеттердің отбасында қалыптасып, дамитынын жақсыбілеміз. Осыған орай Қасымбек ауылы орта мектебінде «Ашық есік күні» өтті. Ондағы мақсатата-аналарды мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағыжаңартылған білім беру мазмұнымен жақынырақ таныстыру және оқуорнының тыныс-тіршілігін көрсете отырып, белсене араласуға тарту еді. Ата-аналар, ақсақалдар мен Аналар кеңесінің мүшелері бұл іс-шарадан үлкен әсералды.  Мектептің акт залында білім ордасы жайлы әзірленген арнайыбейнесюжеттер көрсетіліп, мектеп оқушылары мен ұстаздардан құралғанеріктілер тобы келген қонақтарға саяхат жүргізді. Саяхат барысында  кітапхана, спорт зал, жаттығу залдары, роботехника, асхана, түрлі үйірмелер өтетінкабинеттер де көрермен назарына ұсынылды. Қонақтар суретшілер  менқолөнер шеберлерінің туындыларын да тамашалады. Мектеп жанынанқұрылған күйшілер оркестрі келген қонақтарға әсерлі көңіл-күй сыйласа, робототехника үйірмесінің қатысушыларының жаңа технологиялар көрмесі, жас аспаздардың тәтті тағамдары мен жас ботаниктердің туындылары дакөрсетілді.

Білім ордасының директоры Ибраимова Айман Жатынқызы өз сөзінде жылбойы өткізілген жұмыстарға тоқтала кетіп, мектептің жас ұрпаққа білім ментәрбие беретін мекеме екенін айтты. Осы орайда алғы шепте жүретін білімді, білікті оқушыларды тәрбиелеп отырған ұстаздарды атап өтті: А.Ч.Чонушева, К.М.Жаңбырова, Т.Тоқтарбеков, Н.Н.Нұрмахамбет, Н.Т.Төртбаева, Б.Нұрмағамбет және т.б.

Сондай-ақ, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жаутікбаева Мадина Сансызбайқызы ата-аналарға, мектеп әкімшілігі мен мектеп ұжымынаалғысын айтып, осындай ізгі бастаманың  жалғасын табатынына жәнеауызбірлікте жұмыс істеуге шақырамыз деген ақ тілегін білдіріп, жұмыстарынашығармашылық табыс тіледі. Мектептегі ашық есік күні жоғарғы дәрежедеөтіп, өз мәресіне жетті.

С.АГИБАЕВА,

Зейнеткер ұстаз.

Қасымбек ауылы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments