Суббота, 14 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарМемлекеттік нөмері көрінбейтін көлік иелеріне 17 250 теңге айыппұл салынады

Мемлекеттік нөмері көрінбейтін көлік иелеріне 17 250 теңге айыппұл салынады

Мемлекеттік нөмері көрінбейтін көлік иелеріне айыппұл салынады. Әкімшілік жазаның мөлшері 17 250 теңге. Сондықтан полицейлер жүргізушілерге айнала қар басқан машиналарын тазалау қажеттігін ескертеді.

Келесі жылдан бастап бұл айыппұлдың көлемі 19 мың теңгеге өседі. Әкімшілік құқықбұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса 69 000 теңге төлеуге тура келеді. Яғни, көлік нөмері жыл он екі ай техникалық талаптарға сәйкес анық көріну керек.

Себебі, жүргізуші өзге жолаушылар мен тұрғындардың қауіпсіздігіне де жауап береді. Бұдан бөлек бейнебақылау камерасына түспейтін арнайы жабынды қолдану заңға қайшы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments