Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарМерейтой қарсаңында

Мерейтой қарсаңында

Қазіргі таңда ел тарихындағы құнды жазба деректерді сақтау және оны пайдалану ісіне мемлекетік деңгейде мән беріліп келеді. Қазақстанның мемлекеттік архивтері де тарихымызға, мәдениет ескерткіштеріне, сонымен қатар белгілі тұлғалардың өмірі мен қызметіне қатысты деректер мен жәдігерлерді сақтап отыр. Архивтердің мемлекеттік сақтауындағы құнды құжаттарсыз ел тарихын, мәдениет пен білім саласын, ғылым мен қоғамның дамуын елестету мүмкін емес. Мұндағы баға жетпес саналуан ақпараттық байлықпен жұмыс істейтін қызметкерлердің тарихи жадыны сақтаудағы алар орны ерекше.
Осы ретте жуырда Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы, «Атамекен» тарихи- мәдени орталығында «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-не қарасты Қарасай филиалының 10 жылдық мерейтойы өтті.
Жиын дөңгелек стол форматында өтті. Аталмыш шараға қатысқандар: «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің бас директоры орынбасары Айгерім Нұрахманқызы, Шамалған ауылдық округ әкімі Ержас Серғазыұлы, Атамекен тарихи-мәдени орталығының директоры, «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Қарасай филиалы басшыларымен қызметкелері қатысты. Сондай-ақ, Қарасай ауданының құрметті азаматтары Шара Қанатқұлқызы, Аклима Рахымбердіқызы, Ұмтыл ауылдық округ әкімінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Елтай Хамзинович, Қарасай ауданының ақсақалдар кеңесінің төрағасының орынбасары Серік Біртайұлы, Ауған соғысының ардагері Самарқан Сабырұлы және ауылдық округ әкімдерінің бас мамандары болды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments