Суббота, 14 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарМобильді топ азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетті

Мобильді топ азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетті

Мобильді топ азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетті

Қарғалы ауылындағы Қарғалы № 3 орта мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетті. Бұл шараға облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері, ауыл тұрғындары, аудандық білім бөлімі, құқық қорғау органдарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету аясында округ аумағында мəдениет үйі мен спорт кешенінің салынуына қатысты сұраққа аудан əкімінің орынбасары Əділбек Қамбарұлы ауызша толыққанды түсінік берді. Тұрғындар:

— «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша; — Қарғалы ауылдық округіндегі Сүйінбай, Абай, Молдағұлова көшелерін жөндеу жұмыстары жəне мектеп алдына белгі орнатуға қатысты;

— Самал көшесінің бойына орналасқан 10 мың вольттық электр желісінің тұрғын үйлерге қосылуына тексеріс жүргізу;- қараусыз қалған нысандарға инвентаризация жүргізу; — міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша;

— қаңғыбас иттерді аулау; — кəмелет жасқа толмаған балалардың мопедтерді заңсыз жүргізулеріне қатысты; — қураған апатты ағаштарды кесу сияқты мəселелер көтерді. Сұрақтарға мекеме басшылары нақты жауаптар берді. Сонымен қатар, өтініштер бойынша əр саланың бөлім басшылары өздеріне қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріп, жиын соңында көтерілген мəселелер орын алған жерлерге комиссиялы түрде тексеріп барып қайтты, құзырлы мекемелерге тиісінше тапсырмалар берілді. Осылайша бұл жиында 40 азамат құқықтық тегін көмек алды. Мобильді топтың жұмысы ауданымызда өз жалғасын əлі де табуда.

 

 

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments