Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетUncategorizedМӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі жоқ адамға еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеуге бола ма?

МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі жоқ адамға еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеуге бола ма?

Егер пациенттің еңбекке жарамсыздығын анықтау немесе растау үшін МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсету талап етілмесе, онда еңбекке жарамсыздық парағын Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі шеңберінде рәсімдеуге болады.
Мысалы, сақтандырылмаған науқаста ЖРВИ белгілері пайда болып, ол фильтр кабинетіне немесе учаскелік дәрігерге қабылдауға жүгінді делік. Егер диагнозды белгілеу үшін арнайы маманға жолдама немесе МӘМС пакетіне кіретін диагностикалық зерттеулер талап етілмесе, онда пациентке учаскелік дәрігер еңбекке жарамсыздық парағын бере алады.
Алайда, егер емдеуді одан әрі жалғастыру немесе қосымша зерттеулер жүргізу үшін міндетті медициналық сақтандыру тізіміне енгізілген медициналық қызметтерді алу қажет болса, онда мұндай пациентке міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандыру мәртебесін алу қажет болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments