Четверг, 14 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарНесие беретін ұйымдар енді пайыздық мөлшерлемесін, сыйақысын жарнамада көрсетуге міндеттелмек

Несие беретін ұйымдар енді пайыздық мөлшерлемесін, сыйақысын жарнамада көрсетуге міндеттелмек

Бұдан былай банктер мен микроқаржылық ұйымдар ұсынатын несиесін көпшілікке түсінікті тілде жарнамалауға міндеттелуі мүмкін. Яғни, жарнамада қарыздың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, жоғарғы және төменгі диапазоны нақты жазылуға тиіс. Бастысы, берешек бойынша артық төлем сомасы көрсетілуі қажет. Әрі, төлемді кешіктерген тұтынушылар қандай жауапкершілікке тартылуы ықтимал екендігі де назардан тыс қалмағаны абзал.

Қазір қаржы нарығын реттеу агенттігі қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайтып, құқығын қорғауға бағытталған бірқатар бастама көтеріп жатыр. Олардың бір парасын бұған дейін айтық та. Ал, бұл жолы онлайн платформалар мен ірілі-ұсақты сауда орталықтарында орналастырылған жарнамаларға тоқталмақпыз. Бәріне ортақ екі дүние болса, соның бірі «жедел ақша». Келесісі, әрине жоғарғы пайыздар. Әрі, сәт сайын өсетін өсімпұлды да ұмытпаған жөн. Бірақ, енді банктер жарнамасында қарыздың жылдық тиімді сыйақы ставкасын ашық жазуға міндеттелмек.

Демек, тұтынушы қаржы ұйымымен келісімшартқа отырмас бұрын қарызды неше пайызбен алып жатқанын білуі шарт. Сондай-ақ, банктік берешек бойынша артық төлем сомасы да нақты көрсетілуі тиіс. Былайша айтқанда, несие беру тәртібін түсінікті тілде жазуы керек. Бұл бастаманы алматылықтар да қолдап отыр.

Бастысы, қаржы ұйымдары жарнамасында берешегін кешіктіргендерге қандай жаза қарастырылғанын ескертуі керек. Яғни, өсімпұл көлемі қандай, борыш қалай өндіріледі барлық ақпарат ұғынықты болуы шарт. Бірақ, бұл өзгерістерден соң несие үстіне несие алатындар саны азаяды деп айта алмаймыз дейді сарапшылар. Себебі, халық кредитті қажеттілігі үшін алады. Сондықтан, елді жоғарғы пайыз да, ставка да тоқтатпайды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments