Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарНұрлан имам Джо Байденнен шақырту алып, АҚШ-қа кетіп барады

Нұрлан имам Джо Байденнен шақырту алып, АҚШ-қа кетіп барады

Бұл туралы белгілі журналист Дана Нұржігіт желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін Қазақстан кәсіпкерлері бауырластық көңілмен алыс сапар алдында қазақтың жөн-жоралғысымен кетераяқ дастархан жайып, елдің аманатын арқалап сонау АҚШ-қа сапармен кетіп бара жатқан Нұрлан имамға ізет көрсетті», делінген жазбада.

Нұрлан имам журналиске берге қысқа сұхбатында АҚШ перезиденті Джо Байден жыл сайын қайырымдылық ас беретінін айтты. Айта кетсек, аталмыш жиынға әлем мемлекеттерінің бетке ұстар азаматтары қатысады.

«Алланың қалауы бойынша биыл біздің елімізден таңдау маған түсіп тұр екен. Мемлекетіміздің мүддесін, Президентіміз қалыптастырып отырған ішкі және сыртқы саясатты, сондай-ақ руханиятымызды кеңейту, паш ету, қазақ тарихының кең екенін көрсету үшін осы сапарға ниет білдіріп отырмыз. Алдағы аптада үлкен сапарға жол жүрмекпіз», деді Нұрлан имам.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments