Воскресенье, 6 октября, 2024
Басты бетЖаңалықтарОқушыларға сабақ үстінде телефон пайдалануға заң бойынша тыйым салынады

Оқушыларға сабақ үстінде телефон пайдалануға заң бойынша тыйым салынады

Сенат заңды мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберді. Құжатты таныстырған Оқу және ағарту министрінің орынбасары Наталья Жұмаділдаеваның сөзінше, оқушылар телефонды мектепке әкеле алады. Арнайы жәшіктер болған жағдайда сол жаққа өткізуі қажет. Болмаса сабақ кезінде сөмкесіне салып, үзіліс уақытында ғана пайдаланады.

Құжатта бұдан бөлек оқушылардың қауіпсіздігіне көңіл бөлінген. Мәселен ғимараттарды салған кезде терезелеріне құлып орнату міндеттелмек. Суицидке, зорлық-зомбылыққа үгіттейтін ақпаратты таратпау бойынша да бірқатар шара қарастырылған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments