Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарРайымбек ауданында құрылыс қарқынды

Райымбек ауданында құрылыс қарқынды

Райымбек ауданында облыс әкімінің қолдауымен аз қамтылған отбасылар баспаналы болды. Өткен жылы қазынадан 152,6 млн теңге бөлініп, 11 ауылдық округтен 20 үй сатып алынды деп, хабарлайды Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Былтыр сарыбастаулықтар үшін екі коммуналдық тұрғын үй құрылысы аяқталған болатын.Бұл үрдіс биыл жалғасын таппақ, бюджеттен үй сатып алуға 242,9 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда ауданда тұрғын үй кезегінде 625 адам тұр. Биыл тұрғын үй кезегін азайту мақсатында 20 жалгерлік баспананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Сарыжаз ауылынан 4 пәтерлі 10 жалға берілетін тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға 13,5 млн теңге бөлінді. Бұдан өзге, ауданда әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтеруде. Атап айтсақ, Сарыбастау ауылында кіші спорт кешені және Қарасаз ауылында өнер мектебі, Нарынқолда жастар ресурстық орталығының құрылыс жұмыстары жүруде. Сондай-ақ, Көмірші ауылында құны 134,2 млн теңге болатын медициналық пункттің құрылыс жұмыстары 80 пайызға, Нарынқолдағы 250 орындық емхана құрылысы 35 пайызға аяқталған.
«Былтырғы жылы Райымбек ауданында құрылыс қарқын алды. Жамбыл, Текес, Сарыбастау, Шәлкөде ауылдарында әкімшілік ғимараттар пайдалануға берілді. Сүмбе және Қызылшекарада кіші спорт кешені, ел игілігіне, қолданысқа өтті»,-деді аудан әкімі Берік Фатықұлы.
Берік Дүйсенбаев баспасөз мәслихаты барысында Қарасаз ауылында жоба құны 894,4 млн теңгелік 250 орынға арналған балалар шығармашылық орталығы салынып, келесі жылдың қаңтар айында қолданысқа берілетінін алға тартты. Өткен жылы атқарылған іргелі істердің қатарында, Сүмбе жерінде қолданысқа берілген Мәдениет үйіде бар.Құрылыс жұмыстарына 536,2 млн теңге жұмсалған ғимарат бүгінде ауылдағы өнерпаздар жиі бас қосатын орынға айналған.

Құрылыс саласында қарқын алған аймақта, бірқатар бағдарламаларда орнымен іске асырылған. Мәселен, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша өңірдегі 49 кәсіпкер 275,1 млн теңгеге несие қаражат алып, өндірісін өркендеткен жайы бар. Райымбек ауданында кәсіпке бет бұрған ағайынның саны артып келеді. Ресми деректерге сүйенсек, бұл маңда 4,1 мың адам шағын кәсіптен нәпақасын тауып отыр. Жалпы ауданда 3540 мың шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Мемлекеттен қолдау тапқандар, кәсібін дөңгелетіп, нәтижесінде 2925 жаңа жұмыс орыны құрылған, оның 1065-ы тұрақты, 1860-і уақытша жұмыс орны болып ашылды.

«Ұлттық жоба шеңберінде 6 жоба мемлекеттік қолдауға ие болып, 108 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланды. Жұмыссыз азаматтарды қайта даярлау курстарында оқытуға 8 млн 864 мың теңге бөлініп, 25 азамат кәсіптік білім негіздерін оқып шықты.
Бағдарламаның екінші бағыты, жаңа бизнесті бастауға және кәсіпкерлікті дамыту үшін 15 азаматқа 20 млн 700 мың теңге қайтарымсыз негізде мемлекеттік грант берілді. Сонымен қатар, кәсіпке қызығушы 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурстық негізде 11 азаматқа 53 млн 700 мың тенге микрокредит берілді»,-деп айтты спикер.
Өңірдің экономикалық жағдайына айрықша әсер етер сала-ауылшаруашылығы. Былтыр, Райымбек ауданында ауылшаруашылық өнімінің көлемі 51,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл ретте диқандардың үлесі барында айтқан абзал. Тарқатар болсақ, 11 954 га алқаптан дәнді-дақыл жиналып, орташа түсім гектарына 16 центнерді құрады. Көкөністен гектарына 269,2 центнер, ал картоп өнімінен 218,1 центнер өнім алынған. Ал мал шаруашылығына келсек, ауданда мал басын асылдандыру жұмысы жолға қойылған. Жыл басынан 2 625 мал басын асылдандырып, 105 бас асыл тұқымды бұқа алынған. Берік Фатықұлының сөзінше, аймақта 9 шаруа қожалығы 704,8 млн теңгеге 827 бас асыл тұқымды ірі қара мал, 1400 ұсақ мал алуға жеңілдетілген несие алды.Баспасөз мәслихатында аудан басшысы жол жөндеуге қатысты мағұлмат берді.
«2024 жылдың соңына дейін жолдың жақсы және қанағаттанарлық жолдардың жағдайын 65%-ға жеткізу жоспарлануда. 2023 жылы Шәлкөде ауылының ішіндегі көше жолдары 177,2 млн. теңгеге орташа жөндеуден өтті. Сонымен қатар Тегістік ауылына, Сүмбе ауылына, Қызылшекара ауылына , көше жарық шамдарын орнатуға жобалық -сметалық құжаттама жасалынып, мемлекеттік сараптамаға жіберілуге құжаттары әзірленуде»,-дейді аудан әкімі.
Естеріңізге саламыз «Ауыл ел-бесігі» бағдарлдамасы аясында Қайнар ауылындағы көшелерді орташа жөндеу жұмыстарына 65,0 млн теңгеге бөлініп, үш шақырым жол жаңартылды. Жобаның шарапатын көрген ауыл қатарында Сарыжаз жеріде бар. Ондағы қара жолды жаңартуға 315,2 млн теңге қарастырылып, елді мекендерге көше жарығын орнатуға жобалық -сметалық құжаттамасын жасауға 20,6 млн теңге берілген.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments