Пятница, 27 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарСанкцияланбаған митинг өткізген жаңаөзендік жұмысшылар полицияға жеткізілді

Санкцияланбаған митинг өткізген жаңаөзендік жұмысшылар полицияға жеткізілді

Астанада мұнай саласы бойынша қызмет көрсету компаниясының бір топ жұмысшысы санкцияланбаған митинг ұйымдастырған болатын.

Ел заңнамасына сәйкес, бұқаралық іс-шаралар жергілікті атқарушы органдарды хабардар ете отырып, тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың қалыпты жұмысына кедергі келтірмейтіндей, арнайы рұқсат етілген жерде ұйымдастырылуы қажет.

Алайда, митингке қатысушылар жергілікті атқарушы органдарға  тиісті өтініш жолдамай, жергілікті мәслихат шешімінің тізімінде жоқ жерде санкцияланбаған шара ұйымдастырғаны анықталды.

Нәтижесінде, «Бейбіт жиындар туралы» заңын бұзуына байланысты  акцияның бірқатар ұйымдастырушысы мен белсенді қатысушылары полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Ұсталғандар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 488 және 667 баптары бойынша жауапқа тартылады.

Аталған баптардың санкцияларына сәйкес кінәлі адамдарға ескерту жасалады немесе 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Олар сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments