Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарСолтүстікке көшіп баратындарға 4 миллион теңгеге дейін беріледі - Көлгінов

Солтүстікке көшіп баратындарға 4 миллион теңгеге дейін беріледі — Көлгінов

Осыған дейін Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев солтүстікке көшіп баратындарға берілетін жәрдемақыны көбейтуді ұсынған еді. Алтай Көлгіновтың айтуынша, елімізде көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасы қабылданды.

Тұжырымдама аясында солтүстік өңірлерге қоныс аударған азаматтарға тұрғын үйді сатып алуға, салуға немесе алғашқы жарна ретінде сертификат беріледі. Ол тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде, алайда 4 млн теңгеден аспайтын болады. Мәселен 2023 жылы мұндай сертификат 2520 отбасыға ұсынылды. Ол үшін бюджеттен 10,1 млрд теңге бөлінді, — деп жауап берді Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, Үкімет бюджеттің жағдайына қарай жыл сайын қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шараларының көлемін арттыру мәселесін қарастырып отырады.

Кәсіпке және оқуға икемі бар қоныс аударушылар арасынан 147 адам кәсіппен айналысса, 20 адам оқуға жіберілді. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мерзімі 2023 жылдан бастап, 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылды. Сондай-ақ, жәрдемақы көлемі 8,5%-ға өсті, — деп нақтылады вице-премьер.

Алтай Көлгінов биыл жұмыспен қамту шаралары аясында солтүстікке көшіп барған 2 мыңға жуық адам қоныстандырылғанын да айтты.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments