Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетUncategorizedСоңғы 100 жылда болмаған ми қайнатар ыстық

Соңғы 100 жылда болмаған ми қайнатар ыстық

Қазақстан 100 жыл бұрынғы аптап ыстық рекордтын жаңартты. Жер қуырар күн көзін синоптиктер әр аумақтағы метостанцияның мәліметіне сүйеніп жасаған. Ал қызған күн райының әсері дәрігерлерді дабыл қақтырып отыр. Өйткені тез бұзылатын жеміс- жидек пен қауын-қарбыздан уланғандар көп. Мәселен бір ғана Шымкент қаласында 150 адам ауруханаға түскен. Әріптесім Нұрадин Рақай жанған күннен жаңарған рекодтарпен күн сәулесінен қалай қорғануды мамандардан сұрап келді. Ауа-райы күрт ысуы ауру санының артуына да әсер еткен. Дәрігерлер қапырықта қарапайым ережелерді қатаң сақтауға кеңес ереді. АЙГЕРІМ ТОЙЛЫБАЕВА, №5 ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

— Кейбір кісілерде осындай іші өту, әлсіздік, жүрек айнып құсу белгілері болуы мүмкін. Соның салдарынан жедел ішек инфекциясының ауыр жағдайымен ауруханаға түскен балалар өте көп. Бұл күндері көшеде күн астында жүрген адам қарасы аз. Ал түрлі қызмет барысында жүргендер амалдап түрлі тәсіл тапқан. Мәселен арнайы акция өткізген полицейлер көлігін қалқан етсе, көшет суаратын қызметкерлер қолындағы сумен шомылып амалдаймыз дейді.

Азанда, кеште суарамыз. Қиын емес енді болады. Үйреніп кеттік. Үйрендік қой ыстыққа істей береміз ештеңке жоқ. Қолымызда су бар шомылып аламыз. Ауа температурасының абсолютті максимум рекодты 4-ші маусымда тіркелген екен. Елімізде тоғыз қаланың жылдағы жазғы ыстығы жоғары болған. Ал синоптиктердің алдағы екі күнгі болжамы жауын- шашынды. Ең жоғарғы температура көрсетпесе де кей өңірлерде аптап сақталатынын айтады.

САИДА БЕРДИБЕКОВА, «Казгидромет» маманы: Алдағы күндері Қазақстан синоптиккалық жағдай Қара теңіз аудандарынан жылжыған терең циклонмен қалыптасатын болады. Ол еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа-райын анықтайды, найзағай-бұршақ және екпінді жел болжанады.

Республиканың Батысында, Солтүстік және Батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.

Жазғы күндері жеміс-жидектен ішек инфекцияларының артатын уағы. Бірақ дәрігерлер тұтынудан мүлдем бас тартуға болмайтынын айтады.

Ең бастысы әр адам өз ағзасын аялап ұстауға шақырады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments