Четверг, 14 ноября, 2024
Басты бетUncategorizedСүт безі қатерлі ісігін анықтау үшін “ Күлгін қазан” апталығы өтеді

Сүт безі қатерлі ісігін анықтау үшін “ Күлгін қазан” апталығы өтеді

Бүгін Алматы облысының өңірлік коммуникация қызметі ақпарат алаңында скрнингтан өту маңызы туралы Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы , Клиникалық-диагностикалық емхана бөлімінің меңгерушісі, онкогинеколог дәрігері Асель Жаксылыкова мен онколог дәрігер Болыс Бекботаев баяндады.

Дәрігерлердің айтуы бойынша онкологиялық аурулар кез-келген органға әсер етуі мүмкін ісік процестері болып табылады. Ісіктер баяу өседі, ауыр асқынулар бермейді.
Қазіргі таңда диспансерлік есепте 10000 пациент тұр, 2023 жылы 8 айда 1342 пациент есепке алынды.Соның ішінде 198 әйел қатерлі сүт безі обырына шалдыққан. Жыл басынан бері 175 адамның гинекалогиялық аурумен ауырғаны анықталса, бас және мойын ісігімен 61 адам тіркелген.
Мамандар диагнозы анықталған сәттен бастап бір жылдың ішінде дәл осы аурудан науқастардың 5,1 пайызы қайтыс болды дейді.
“Қатерлі ісік бойынша бірінші орында сүт безі обыры тұрса,екінші орында жатыр ісігі көп тіркелген. Үнемі профилактикалық медициналық, скринингтерден өту өте маңызды. Скринингтік профилактикалық тексерулер тегін жүргізіледі! Олар ісік алдындағы жағдайларды және онкологиялық аурулардың ерте кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді, осылайша ісік патологиясының дамуын ескертіп немесе толық емделу мүмкіндігін арттырады”, — дейді Асель Жаксылыкова
Айта кетейік, алдағы уақытта “күлгін қазан” апталығы өткізіледі, онда сүт безі қатерлі ісігін алдын-ала анықтауға болады.
Сонымен қатар, 1-30 қыркүйек аралығында гинекологиялық қатерлі ісік туралы хабардар болу айлығы мен 11-16 , 18-23 қыркүйек күндері гемобластоз және бас және мойын ісіктерін ерте диагностикалау апталығы ұйымдастырылады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments