Пятница, 28 марта, 2025
Басты бетЖаңалықтарТабыс көзі - кәсіпте

Табыс көзі — кәсіпте

Қазіргі таңда елімізде шағын және орта бизнесті дамыту – экономиканы нығайтудың басты бағыттарының бірі. Осы орайда, өз ісін бастап, кәсіпкерлікке бет бұрған азаматтардың саны күн санап артып келеді. Солардың бірі – Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылдық округіне жеке кәсіпкер .

16 желтоқсан 1982  Түркістан облысы  Мақтаралы  ауданы Көкпарсай ауылында дүнйеге келген Мамбетов Тәттібек  Айтуғанұлы өзінің еңбекқорлығы мен іскерлік қабілетінің арқасында тігін өндірісі саласында жеке кәсібін дамытып отыр. Бүгінде оның тігін және жүн түтетін цехы Қарғалы ауылында табысты жұмыс істеп, ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде.

2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандық жылы» деп жарияланғанын ескере отырып, Мамбетов Тәттібек  Айтуғанұлы  кәсіпкерлік жолын осы бастамамен байланыстыруға болады. Оның тігін және жүн түтетін цехы – ауылдық жерлерде жұмысшы мамандықтарының дамуына айқын мысал.

Мамбетов Тәттібек  Айтуғанұлы  тігін өндірісі қазіргі таңда  он  адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бұл – ауылдық жерлердегі жұмыссыздықты азайтуға қосқан үлкен үлес. Оның тігін цехы халықтың күнделікті тұрмысына қажетті киімдерді тігумен қатар, арнайы тапсырыстарды да қабылдайды.

Кәсіпкер Мамбетов Тәттібек  Айтуғанұлы  алға қойған мақсаттарының бірі – өндіріс көлемін ұлғайтып, қосымша жұмыс орындарын ашу. Сондай-ақ, заманауи тігін жабдықтарын сатып алып, өнім сапасын одан әрі жақсартуды көздейді. Мамбетов Тәттібек  Айтуғанұлы  өз кәсібін дамыту арқылы ауыл экономикасына серпін беріп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал етуді басты міндеттерінің бірі деп санайды.

Мамбетов Тәттібек  Айтуғанұлы  кәсіпкерлік жолы – ауылдық жерлерде де табысты бизнес жүргізуге болатынын дәлелдейді. Мемлекеттік қолдаудың және өзінің қажырлы еңбегінің арқасында ол өз ісін өркендетіп, туған жерінің дамуына үлес қосып отыр. Мұндай шағын кәсіпкерлік бастамалар – ауыл шаруашылығы мен ауылдық инфрақұрылымды дамытудың маңызды бөлігі болып табылады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments